Құрылғыны пайдалану
Құралды алғаш қолданар алдында, эпилятор басын тазалаңыз және
құралды толық зарядтаңыз.
Ескертпе: Құралды розеткаға қосылып тұрғанда пайдалану мүмкін емес.
Эпиляция жасаудың кеңестері
-
Ылғалды
: эпиляцияны жаңадан бастап жүрген болсаңыз,
эпиляцияны дымқыл теріге жасаған жөн. Су теріні босаңсытып,
эпиляцияны ауырмайтын әрі нәзік етеді. Бұл құрылғы су өткізбейді
және оны ваннада немесе душта қолдануға болады.
Кеңес: Қажет болса, кәдімгі душ гелін немесе көбігін пайдалануға болады.
-
Құрғақ
: эпиляцияны құрғақ теріге жасаған жағдайда, оны
ваннадан немесе душтан жаңа шыққан бетте жасаған оңай болады.
Эпиляцияны бастағанда, терінің толықтай құрғақ екенін тексеріңіз.
-
Жалпы ақпарат
: теріңіздің таза және майсыз болуын
қамтамасыз етіңіз. Эпиляцияны бастамас бұрын теріге крем
жақпаңыз.
-
Жалпы ақпарат
: эпиляцияны жатар алдында жасаған жөн, себебі
әдетте таң атқанша терінің тітіркенуі кетеді.
-
Жалпы ақпарат
: эпиляцияны 3-4 мм ұзындықтағы түктерге
жасаған оңайырақ, әрі қолайлырақ. Түктер ұзындау болса, алдымен
қырып тастап, қайта өскен түктерді 1 аптадан кейін эпиляциямен
кетіруді ұсынамыз.
Эпиляция
Ескертпе: Жаңадан бастап жүрсеңіз, эпиляцияны қос толқынды массаж
қосалқы құралымен жасап жағымсыз сезімді төмендетіңіз. Осы қосалқы
құрал тек аяқтың эпиляциясын жасауға арналған.
Ескертпе: Қолтықтағы немесе бикини тұсындағы түктердің
эпиляциясын істеп тұрған эпиляция дискілерінің санын азайтатын
сезімтал аймақ қақпағымен жасаңыз.
Ескертпе: Тері созғышты қолдарда немесе аяқтардың жоғарғы
бөлігінде керіп ұстау үшін пайдаланыңыз. Тері созғыш эпиляциялау
кезіндегі ауыруды азайтады.
1
Қос иректі массаж қосымшасын, сезімтал аумақ қақпағын немесе
тері созғышты эпиляциялау басына орнатыңыз.
2
Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.
,
Құрал «II» жылдамдығында істей бастайды, бұл эпиляция
жасаудың ең тиімді жылдамдығы болып келеді.
Ескертпе: «I» жылдамдығын пайдалану керек болса, қосу/өшіру түймесін
екінші рет басыңыз. «I» жылдамдығы түгі аз, қол жетуі қиын және
сүйекті жерлерге (тізе мен тобық сияқты) ыңғайлы болып келеді.
3
Эпиляциялау басын қосу/өшіру түймесін құрылғыны жылжытайын
деп жатқан бағытқа қаратып, теріге 90° бұрышта орналастырыңыз.
Тері созғышты пайдаланып жатпасаңыз, теріні бос қолмен
созыңыз, бұл түктерді тік тұрғызады.
70
ҚАЗАҚША