Ескертпе: Егер тері созғышты пайдаланып жатсаңыз, теріні одан
әрі созу қажет емес. Сондай-ақ, тері созғыш құрылғыны теріде
дұрыс бұрышта ұстауды қамтамасыз етеді. Тері созғыш суретте
көрсетілгендей теріңізге тиіп тұрғанын тексеріңіз.
-
Суретте көрсетілген жолмен бикини тұсына эпиляция жасаңыз.
-
Қолтық астына суретте көрсетілгендей эпиляция жасаңыз.
4
Құралды денеңіздің үстінен шашыңыздың өсуіне қарсы етіп,
сәл басыңқырып, жәймен жылжытыңыз.
5
Құралды өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін үшінші рет басыңыз.
6
Қос иректі массаж қосымшасын, сезімтал аймақ қақпағын немесе
тері созғышты құрылғыдан тартып шығарыңыз.
Кеңес: Душта қолтығыңызды эпиляцияласаңыз, жақсырақ сырғу үшін
кәдімгі душ гелінің аз ғана мөлшерін пайдаланыңыз.
Кеңес: Теріні босаңсыту үшін, эпиляциядан кейін дереу немесе бірнеше
сағат өткенде ылғалдандыратын крем жаққан жөн. Қолтықтарға
спирті бар жұмсақ дезодорант себіңіз.
Эпиляциядан бұрын қыру басымен және тарақ
қосымшасымен алдын ала түзету
Бикини тұсының түктерін 4 мм ұзындыққа дейін қысқарту үшін қыру
басы мен тарақ қосымшасын пайдаланыңыз. Сондай-ақ, тарақ қосымшасын
ұзын (10 мм-ден ұзын) түктерді алдын ала қысқарту үшін қолдануға болады.
Ескертпе: Ең жақсы нәтижелерге жету үшін тарақ қосымшасын тек
құрғақ теріде пайдаланыңыз.
1
Қыру басын жалғау үшін, «Қолтықты және бикини тұсын қыру»
бөлімдегі 1-2 қадамдарды орындаңыз.
71
ҚАЗАҚША