-
Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз
қалдырмаңыз.
-
Құралды қауіпсіз түрде пайдалану жөнінде нұсқау
алған, біреудің қадағалауымен қауіпсіз пайдаланған
жағдайда және құралды пайдалануға қатысты қауіп-
қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды 8 жасқа
толған және одан үлкен балалар, сондай-ақ мүмкіндігі
мен ойлау қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз
адамдар пайдалана алады.
-
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
-
Қосылып тұрғанда немесе суып жатқанда, құрал мен
қуат сымын жасы сегізде немесе сегізге толмаған
балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.
-
Балаларға қадағалаусыз құралды тазалауға және қақтан
тазалау жұмысын орындауға рұқсат етілмейді.
-
Қуат сымын және бу жеткізу шлангісін үтіктің ыстық
табанына тигізбеңіз.
-
Құрал қызып жатқанда, EASY DE-CALC тұтқасының
астынан бу немесе ыстық су тамшылары
шықса, құралды өшіріп, 2 сағат бойы салқындатыңыз.
Содан кейін EASY DE-CALC тұтқасын қайта
салыңыз. Құрал қызғанда, бу әлі де шығатын болса,
құралды өшіріп, Philips компаниясы рұқсат еткен қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
-
Бу генераторы әлі ыстық немесе қысым астында болса,
EASY DE-CALC тұтқасын бу генераторынан шешпеңіз.
-
Бу генераторына құралмен бірге берілген EASY DE-
CALC тұтқасынан басқа қақпақты орнатпаңыз.
Ескерту
-
Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
-
Бу генераторын орнықты, тегіс және көлденең жерге
қойып пайдаланыңыз.
-
Қуат сымы мен бу жеткізу шлангісінің зақымдалмағанын
жиі тексеріп тұрыңыз.
-
Розеткаға жалғамас бұрын, қуат сымын толығымен
тарқатып алыңыз.
-
Үтіктің түпқоймасы мен үтіктің түбі қатты қызады.
Қолыңыз тиіп кетсе, күйіп қалуы мүмкін. Егер бу
генераторын жылжыту керек болса, түпқойманы
ұстамаңыз.
ҚазаҚша
117
4239_000_8123_1_DFU-Luxury_A5_Book.indb 117
5/10/12 2:14 PM