126
KK
Есте сақтаңыз
•
Бөлмедегі ылғалдылық деңгейі өте жоғары
кезде ауа сапасы сенсорындағы конденсат
артуы мүмкін. Нәтижесінде, ауа сапасының
шамы ауа сапасы жақсы болса да, оны нашар
деп көрсетуі мүмкін. Осындай жағдайда ауа
сапасының сенсорын тазалау немесе қолмен
реттелетін жылдамдық параметрлерінің бірін
таңдау керек.
1
Ауа сапасы мен ылғалдылық
сенсорларының кіріс және шығыс жолын
жұмсақ щеткамен тазалаңыз.
2
Ауа сапасы мен ылғалдылық
сенсорларының қақпағын алыңыз.
5 Құрылғыны
тазалау
Есте сақтаңыз
•
Тазалау алдында, құралды міндетті түрде
розеткадан ажырату керек.
•
Құралды немесе тоқ сымын суға немесе басқа
сұйықтыққа батыруға болмайды.
•
Құрылғының кез келген бөлігін тазалау үшін
ағартқыш немесе алкоголь сияқты абразивті,
агрессивті немесе тұтанғыш тазалағыш
заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
•
Тек алдын ала тазалау сүзгісі мен
ылғалдандыру сүзгісін жууға болады. Басқа
ауа тазартқыш сүзгілерді жууға немесе
шаңсорғышпен тазалауға БОЛМАЙДЫ.
Құрылғының корпусын
тазалау
Шаң жиналмау үшін құрылғының ішін және
сыртын уақытылы түрде тазалаңыз.
1
Құрылғы корпусының шаңын жұмсақ,
құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
2
Ауа кірісін және шығысын құрғақ, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Ауа сапасы сенсоры мен
ылғалдылық сенсорын
тазалау
Құрылғы дұрыс жұмыс істеуі үшін ауа сапасы
мен ылғалдылық сенсорларын тазалаңыз.
Құрылғы шаң ортада пайдаланылатын болса,
оны жиірек тазалаңыз.