141
KK
Қазақша
8 Сүзгінің қызмет
ету мерзімін
санағышты
қалпына келтіру
Сүзгілерді ауыстырған соң сүзгінің қызмет
ету мерзімін санағышты да қалпына келтіру
керек. Бұл құрылғыға сүзгінің қызмет ету
мерзіміне сәйкес жұмыс істеу мүмкіндігін
береді.
Есте сақтаңыз
•
Құрылғы қуат желісіне қосылып, жұмыс істеп
тұрған кезде оны қалпына келтіру керек.
•
Тиісті көрсеткіш шамдар жанған кезде тиісті
сүзгілерді ауыстыру керек.
•
Сүзгілерді ауыстырған соң, олардың
қызмет ету мерзімін санағышты қалпына
келтірмейінше тиісті шамдар жыпылықтап
немесе жанып тұрады.
Сүзгіні ауыстырған соң, сүзгі уақытын қалпына
келтіріңіз:
1
Құрылғыны өшіріп, қуат көзінен
ажыратыңыз.
2
Сүзгіні ауыстырыңыз («Сүзгілерді
ауыстыру» тарауын қараңыз).
3
Штепсельді розеткаға жалғап, құрылғыны
қайта іске қосыңыз.
4
RESET
(ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ) түймесін
басып, екі секунд бойы ұстап тұрыңыз.