75
Электрлік және Электрондық
Жабдықтардың Қалдықтары (WEEE)
Өзінің қызмет мерзімінің соңында өніміңіз WEEE болып
қарастырылады. Сондықтан, WEEE өнімінің сұрыпталмаған
коммуналдық қоқыс ретінде тасталмауы керектігін
ескерту маңызды болып табылады. Ол компоненттері мен
материалдарын қайта өңдеуге, қайта пайдалануға және
қалпына келтіруге болатындай етіп бөлшектелуі үшін бөлек
жиналуы тиіс (электр тогын шығаруда энергияны қалпына
келтіру үшін жанармай ретінде).
Қоғамдық жинау орындарын муниципалитеттер WEEE
өнімдерін жинау үшін жасаған, сіз үшін тегін.
WEEE өніміңізді үйіңізге немесе кеңсеңізге жақын орналасқан
жинау орнына апарыңыз.
Жинау орнын табуда қиындықтар туындаса, сізге өнімді сатқан
сатушы WEEE өніміңізді қабылдауы керек.
Сатушымен байланыста болмасаңыз, осы мәселе бойынша
көмек алу үшін ACCO компаниясына хабарласыңыз.
WEEE өнімдерін қайта өңдеу қоршаған ортаны қорғауға,
адам денсаулығын қорғауға, шикізаттарды сақтауға,
тұрақты дамуды жақсартуға және Еуропалық Одақта тауар
ұсыныстарын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған құнды екінші рет шикізаттарды алу және қалдықты
тастауды азайту арқылы қол жеткізіледі. WEEE өніміңізді жинау
орнына апару арқылы осы мақсаттарға жетуге үлес қоса
аласыз.
Өніміңіз WEEE таңбасымен белгіленген (X таңбасы бар
қоқыс себеті). Бұл таңба сізге WEEE өнімінің сұрыпталмаған
коммуналдық қоқыс ретінде тасталмауы керектігін хабарлауға
арналған.
Кепілдік
Осы құрылғының жұмысына қалыпты пайдаланылған
жағдайда сатып алған күннен бастап екі жылға кепілдік
беріледі. Кепілдік мерзімі кезінде ACCO Brands Europe
компаниясы өз қарауымен ақаулы құрылғыны тегін жөндейді
немесе ауыстырады. Дұрыс пайдаланбаудан немесе тиісті
емес мақсаттар үшін пайдаланудан туындаған ақаулар
кепілдікте қамтылмайды.
Сатып алу күнінің дәлелі талап етіледі, ACCO Brands Europe
компаниясы рұқсат етпеген адамдар тарапынан жасалған
жөндеулер немесе өзгертулер кепілдікті жарамсыз етеді.
Өнімдеріміздің көрсетілген техникалық деректерге сай болуын
қамтамасыз ету біздің мақсатымыз. Бұл кепілдік тауарларды
сатуды басқаратын қолданыстағы ұлттық заңнамалар аясында
тұтынушылар иеленетін заңды құқықтарға әсер етпейді.
Summary of Contents for Momentum X312
Page 3: ...0 5secs 2 secs ...
Page 105: ......