Стандартты жабдық
K-45 ағын құбырын тазалау құрылғыларының барлығы
RIDGID ағын құбырын тазалау қолғабының бір жұбымен
жеткізіледі.
ЕСКЕРТПЕ
Бұл құрылғы ағын құбырларын тазалауға
арналған. Дұрыс пайдаланылған кезде ол жақсы талаптарда
ұсталған және тиісінше жасалған, құрылған және қызмет
көрсетілген ағын құбырларын зақымдамайды. Егер ағын
құбыры нашар жағдайда болса не тиісті түрде жасалмаған,
құрылмаған және қызмет көрсетілмеген жағдайда ағын
құбырын тазалау процесі тиімді болмауы немесе ағын
құбырына зақым келуіне әкелуі мүмкін. Тазаламас
бұрын ағын құбырының күйін тексерудің ең дұрыс
жолы камераны пайдалана отырып, визуалды тексеру
болып табылады. Ағын құбырын тазалағышты дұрыс
пайдаланбау ағын құбырының тазалағышы мен ағын
құбырын зақымдауы мүмкін. Бұл құрылғы барлық бітелген
орындарды тазартпауы мүмкін.
Жұмыс алдында тексеру
ЕСКЕРТУ
Әрбір пайдалану алдында, электр тогының соғуынан,
бұралған немесе үзілген кабельдерден, химиялық
күйіктен, жұқпалардан және басқа себептерге байланысты
орын алатын ауыр дене жарақаты қаупін азайту және
ағын құбыры тазалағышының зақымдалуын болдырмау
үшін ағын құбырын тазалау құрылғысын тексеріңіз және
ақаулықтарды жойыңыз.
Ағын құбыры тазалағышын тексеру кезінде үнемі қауіпсіздік
көзілдірігін, RIDGID ағын құбырын тазалау қолғаптарын және
басқа тиісті қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз. Жабдық
тағы химиялық заттар мен бактериялардан қосымша
қорғау үшін RIDGID ағын құбырын тазалау қолғаптарының
ішінен
латекс, резеңке не басқа сұйықтыққа төтеп беретін
қолғаптарды киіңіз.
1. RIDGID ағын құбырларын тазалау қолғаптарын
тексеріңіз. Олар бүтін, тесілмеген не айналатын
кабельдерге ілінуі мүмкін бос бөліктері жоқ екеніне
көз жеткізіңіз. Сәйкес емес немесе зақымданған
қолғаптарды кимеу маңызды. Қолғаптар айналатын
кабельдерден қорғайды. Егер RIDGID ағын құбырын
тазалау қолғабы болмаса не зақымданған, тозған болса
немесе барынша үйлеспесе, RIDGID ағын құбырын
тазалау қолғабын алғанша құрылғыны пайдаланбаңыз.
4-суретті қараңыз.
4-сурет – RIDGID ағын құбырын тазалау қолғабы –
былғары, ПВХ
2. Ағын құбырын тазалау құрылғысының ажыратылғанына
көз жеткізіңіз. Қуат сымы, жерге қысқа тұйықталу
ажыратқышы (GFCI) (егер жабдықталса, 120 В
қондырғылары) мен ашасында зақымның бар-жоғын
тексеріңіз. Егер қосқыш модификацияланған болса
не сым зақымданған болса, электр тогы соғуының
алдын алу үшін сымды білікті жөндеуші маман
ауыстырмайынша, құрылғыны пайдаланбаңыз.
3. Барлық жабдық тұтқалары мен басқару тетіктерінен
майларды не ласты тазалаңыз. Бұл тексеруге
көмектеседі және құрылғының немесе басқару тетігінің
қысқыштан сырғып кетуіне жол бермейді. Кабельді
және барабанды қалдықтардан тазартыңыз.
4. Ағын құбырын тазалау құрылғысында мыналарды
тексеріңіз:
• Тиісті түрде жинақтау және толықтығы
• Кез келген сынық, тозған, жоқ, ретсіз немесе
жабысқан бөліктер
• АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ және ШЫҒАРЫП АЛУ беру
тетіктерінің, сырғыту жұдырықшасының және
барабанның бірқалыпты және еркін жылжуы.
• Ескерту белгісінің бар болуы және оқылуы
(2-суретті қараңыз).
• Қауіпсіз және қалыпты жұмыс істеуіне жол бермеуі
мүмкін басқа жағдай.
Егер ақаулықтар табылса, ақаулықтар түзетілгенше
ағын құбыры тазалағышын пайдаланбаңыз.
5. Кабельді тозу және зақымға тексеріңіз – Мыналарды
бар-жоғын тексеріңіз:
• Кабельдің сыртына оралған көрінетін жазықтықтар
(кабель дөңгелек сымнан жасалған және сұлбасы
дөңгелек болуы қажет).
• Бірнеше немесе шамадан көп байламдар (15 градусқа
дейінгі кішігірім байламдарды түзетуге болады).
• Кабель пішінінің созу, байлану немесе кері өткізу
КЕРІ арқылы өзгертілгенін көрсететін орамдары
арасындағы кеңістік.
• Ылғал күйде сақтаудан немесе ағын химиялық
заттарының әсерінен орын алатын шамадан көп мүжілу.
K-45 ағын құбырын тазалау құрылғысы
999-998-285.09_REV. G
379
Summary of Contents for 37338
Page 18: ...999 998 285 09_REV G 16 K 45 Drain Cleaning Machine ...
Page 204: ...999 998 285 09_REV G 202 Maszyna do czyszczenia odpływów K 45 ...
Page 238: ...999 998 285 09_REV G 236 Čistička odtokov K 45 ...
Page 290: ...999 998 285 09_REV G 288 Μηχάνημα απόφραξης αποχετεύσεων K 45 ...
Page 358: ...999 998 285 09_REV G 356 Прочистная машина K 45 ...
Page 392: ...K 45 ағын құбырын тазалау құрылғысы 999 998 285 09_REV G 390 ...