ҚЫМБАТТЫ САТЫП АЛУШЫ!
Келесі мекенжай бойынша орналасқан: (Мэтан-донг)
129, Самсунг ро, Енгтонг-гу, Сувон қаласы, Кёнги-до, Корея
Республикасы, 13.01.1969 жылы Сувон қаласы аудандық
сотының Шығыс тіркеу мекемесімен тіркелген (тіркеу
№000905), “Samsung Electronics Co., Ltd.” компаниясы
(«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.»), Samsung тауарын (өнім)
өндіретін (арықарай «Өндіруші»), Samsung Electronics
тобыныңбас компаниясы өзіңіз жасаған таңдау үшін Сізге
үлкен алғысын білдіреді. Аталмыш өнім Сіздің қажетіңізді
өтеуі, ал сапасы ең жақсы әлемдік үлгілерге сәйкес келуі
үшін біз қолымыздан келгеннің бәрін де жасадық.
«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» өзінің тауарлары үшін
пайдалану нұсқауларын сақтаған жағдайда қызмет көрсету
мерзімін белгілейді: үй техникасы – 7 жыл, телевизорлар,
мониторлар, ауа тазалағыштар, аудио-, видео және
ақпараттық техника – 5 жыл, GSM ұялы телефондар,
проекторлар және модемдер – 3 жыл. Егер Пайдаланушы
нұсқаулығында басқаша шектеу бекітілмеген болса,
қызмет көрсету мерзімі өнімнің дайындалу күнінен бастап
есептеледі.
Өндіруші ресми қызмет көрсету мерзімі аяқталған
соң, профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру және
өнімді одан әрі пайдалану бойынша кеңестер алу үшін
«Samsung» Уәкілеттелген қызмет көрсету Орталығына (УҚО)
хабарласуға кеңес береді.
УҚО-ның мекенжайлары мен телефондарын Сіз «Қолдау
көрсетудің бірыңғай қызметіне» келесі нөмірлер бойынша:
8-10-800-500-55-500 (GSM: 7799) телефон соғу арқылы
(Қазақстанның кез келген аймағынан қоңырау шалу тегін)
немесе www.samsung.com/kz_ru/ сайтынан біле аласыз.
Егер Сізде өнімді пайдалану және жұмыс қабілеттілігімен
байланысты қандай да бір мәселе туындай қалса, біз Сізге
міндетті түрде УҚО-мен хабарласуыңызға кеңес береміз.
«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» тауарларының жоғары
сапасы, сенімділігі және қауіпсіздік дәрежесін есепке ала
отырып, пайдаланудың іс жүзіндегі мерзімі ресми түрде
белгіленген мерзімнен елеулі түрде асып кетуі мүмкін.
Қазақстан аумағына жеткізілу үшін арналған барлық
«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» тауарлары тиісті елдің
пайдалану жағдайы есепке алына отырып дайындалған
және өнім мен оның буып-түю қорабында, егер сол елдің
заңнамасымен көзделген болса, ресми сәйкестік белгілері
бар болады.
Түсініспестіктерге жол бермеу үшін Сізден міндетті
түрде Пайдаланушының нұсқаулығын, кепілдік
міндеттемелердің шарттарын, кепілдік талондарының дұрыс
толтырылғандығын тексеруді өтінеміз. Кепілдік талоны:
үлгілер, өнімнің сериялық нөмірі, сатылу күні, сатушы
фирманың айқын басылған мөрі, сатып алушының қолы,
дұрыс және дәл көрсетілген кезде ғана жарамды болып
табылады.
Бұл шарттар бұзылған жағдайда, сондай-ақ кепілдік
талонында көрсетілген мәліметтер өзгертілгенде,
өшірілгенде немесе үстінен жазылғанда, кепілдік талоны
жарамсыз деп танылады.
Осындай жағдай туындайтын болса, сатушыдан жоғарыда
келтірілген шарттарға сай келетін жаңа кепілдік талонын
талап етуді өтінеміз немесе тауарлы және кассалық чекті, не
сатып алу күнін және фактісін дәлелдейтін басқа құжаттарды
көрсетуге болады. Егер сатып алу күнін көрсететін құжаттар
болмаса, онда кепілдік мерзімі тұтынушылар құқығын қорғау
туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өнімнің өндірілген
күнінен бастап саналады.
«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» берілген кепілдік талоны
арқылы, тұтынушылар құқығын қорғау туралы қолданыстағы
заңнамаға сәйкес, Өндіруші тарапынан туындаған
өнім ақаулары анықталған жағдайда, тұтынушылардың
талаптарын қанағаттандыру бойынша міндеттерді
қабылдайтынын растайды. «Самсунг Электроникс Ко., Лтд.»
төменде көрсетілген шарттар орындалмаған кезде, кепілдік
міндеттемелер және өнімге тегін сервистік қызмет көрсету
бойынша тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырудан
бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Өндірушінің кепілдік
міндеттемелері және тегін сервистік қызмет көрсету сол
елдегі кепілдік міндеттемелер және тегін сервистік қызмет
көрсету туралы заңнамаға сәйкес орындалады.
«Самсунг Электроникс Ко., Лтд.» өзінің тауарлары
үшін пайдалану тәртіптері сақталған жағдайда, кепілдік
мерзімімен бірге тегін сервистік қызмет көрсету мерзімін
осы талонның 2-бетіндегі кестеге сәйкес белгілейді.
Кепілдік мерзімі мен тегін сервистік қызмет көрсету мерзімі
сатып алу күнінен басталады. Кепілдік мерзімі және тегін
сервистік қызмет көрсету мерзімі өнімнің қызмет көрсету
мерзімімен бірге шектеледі.
КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ МЕН ТЕГІН СЕРВИСТІК
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖАҒДАЙЫ
1. Өндірушінің Кепілдік міндеттемесі мен тегін сервистік
қызмет көрсетуі Қазақстан аумағына жеткізілу және сатылу
үшін арналған, Қазақстан аумағында сатылған және елдің
техникалық стандарттары туралы ережеге, заңнамаға
сәйкес сертификаттаудан өткен «Самсунг
Электроникс Ко., Лтд.» өнімдерінің үлгілеріне таратылып,
оларға кепілдік және тегін сервистік қызмет көрсетілу
ұсынылады.
2. Тегін сервистік қызмет көрсету ұғымының астарында,
Өндірушінің кінәсі бойынша пайда болған өнімдегі
бұзылушылықты (зақымдануды) жою бойынша, сатып
алушыдан (тұтынушыдан) төлем ақы алмастан жасалатын
Өндірушінің қосымша міндеттемесі түсініледі.
Кондиционерлердің тегін сервистік қызметі Samsung
арнайы куәлігі бар қондырушының орнатуы және ол
кепілдік талонына тиісті жазбаларды енгізген кезде жүзеге
асырылады.
3. Кепілдік мерзімі кезеңінде немесе тегін сервистік
қызмет көрсету мерзімі ішінде өнімдегі бұзылған
бөлшектерді (бөліктер, құрастырма бірліктер) ауыстыру
осы өнімге толығымен немесе өнімнің ауыстырылған
бөлшектеріне жаңа кепілдік мерзімін не тегін сервистік
қызмет көрсету мерзімін белгілеуге алып бармайды.
Өндіруші өнімде қолданылатын бағдарламалық
жасақтаманы (БЖ) үнемі жетілдіреді, бірқатар өнімдерге
тұтынушы өз қолымен ресми сайттардан алынған
бағдарламалар арқылы жетілдіруге мүмкіндік береді,
және тұтынушының рұқсатымен жетілдіру автоматты
түрде жүргізіледі. Өндіруші өніммен бірге сатып алған БЖ
нұсқасының сақталуына немесе қызмет көрсету мерзімі
ішінде өзгертілмейдігіне жауап бермейді. Өндіруші өнімде
әрдайым жаңа БЖ қолдануға кеңес береді.
4. Егер керек-жарақтардың ауыстырылуы өнімді
бөлшектеп бұзумен байланысты болмаса, кепілдік
міндеттемесі мен тегін сервистік қызмет көрсету, тауардың
кешендік жинағына кіретін төменде келтіріліп отырған
керек-жарақтарға таратылмайды:
а) қуат беру элементтері (батареялар), проектор
шамдары мен жарық беру шамдары (жарық беру шамдарын
ауыстыру процедурасы пайдаланушы нұсқаулығында
берілетін өнімдерді қоспағанда);
ә) біріктіргіш кабельдер (егер олар зарядтау
құрылғысының құрамдас бөлігі болмаса), құлақпен тыңдау
құрылғылары, алуан түрдегі ақпаратты тасығыштар
(бағдарламалық жасақтамасы мен драйверлері бар
дискілер, есте сақтау карталары);
б) өніммен бірге берілетін қаптамалар, сөмкелер,
белдіктер, тасымалдауға арналған сымдар, құрастыру
жарақтары, құралдар, құжаттамалар;
в) аталмыш қажеттілік өндірушінің кінәсі бойынша
туындаған өнімнің кемшілігінен болған жағдайларды
қоспағанда, өніммен бірге кешендік жинақта берілетін,
алуан түрдегі ақпаратты тасығыштар (БЖ қоса алғанда,
бірақ онымен шектелместен өнімге алдын ала қатты магнит
дискілері орнатылған) бағдарламалық жасақтама (БЖ)
және драйверлер, сондай-ақ БЖ баптау мен қайта орнату
қажеттігі.
Сонымен қатар төмендегілерге таратылмайды:
а) тоңазытқыштар: иіс жұтқыш заттар, ауа тазалағыштар
(биодезодораторлар), фильтрлер, сөрелер, қораптар,
ұстағыштар және басқа да азық-түлік ыдыстары;
ә) пештер мен микротолқынды пештер: тор темірлер,
істіктер, пісіру тартпалары, керамикалық тартпалар, су
ыдыстары, бу пісіргіштер және оның қақпағы мен ыдысы;
б) шағсорғыштар: шлангілер, түтіктер, қылшақтары, шаң
сауыттары, фильтрлер;
в) ыдыс-аяқ және кір жуғыш машиналар: су тарту
шлангілері;
г) кондиционерлер мен ас үй ауа тартқыштары:
фильтрлер;
5. Өнімде төмендегі жетіспеушіліктер болғанда:
а) егер жеке мұқтаждықтар (тұрмыстық, отбасылық) үшін
тағайындалған өнім, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
үшін, сондай-ақ оның тікелей тағайындалуына сәйкес
келетін басқа мақсаттар үшін пайдаланылған болса;
ә) өніммен бірге кешендік жинақта тұтынушыға бірге
берілетін Пайдаланушы нұсқаулығы мен басқа құжаттарда
келтірілген өнімді орнату, пайдалану тәртіптері мен
шарттарды бұзған жағдайда;
б) егер өнімде білікті маман жүзеге асырмаған жөндеу
іздері болған кезде;
в) егер зақымдануды Өндіруші қарастырмаған сыртқы
құрылғыларды қосумен, өнімнің схемасы мен құрылымын
өзгерту тудырған болса;
г) егер зақымдануды қауқар жетпейтін күштердің әрекеті,
қайғылы жағдайлар, тұтынушы немесе үшінші адамдардың
warranty_4_lang_update_23_03_2016.indd 8
23.03.2016 15:05:16
Summary of Contents for BWC1612
Page 6: ......
Page 7: ...ÐÎÑÑÈß VIP care 8 800 555 55 88 GSM 7799 VIP care 7700 GSM 9977 GSM 7799 ...
Page 11: ......
Page 13: ...warranty_4_lang_update_23_03_2016 indd 14 23 03 2016 15 05 18 ...
Page 17: ...43 ...
Page 25: ......
Page 31: ...967 4 x 571 8 x 80 4 967 4 x 619 6 x 226 5 7 3 7 4 UE43J5272A 43 108 ...
Page 45: ......
Page 57: ...43 ...
Page 65: ......
Page 71: ...967 4 x 571 8 x 80 4 967 4 x 619 6 x 226 5 7 3 7 4 UE43J5272A 43 108 ...
Page 85: ......