Жұмысты бастау
5
Батареяны зарядтау
C Pen бірінші рет пайдалану алдында немесе C Pen ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
батареяны зарядтаңыз.
Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды және кабельдерді пайдаланыңыз.
Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе C Pen
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
•
Зарядтағыштар бөлек сатылады.
•
Егер батарея заряды толығымен таусылса, зарядтағышты жалғағаннан кейін C Pen
бірден пайдалануға болмайды. C Pen пайдаланудан бұрын таусылған батареяның
бірнеше минут зарядталуына мүмкіндік беріңіз.
•
Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану, токтың
ең төмен жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп
соқтыруы мүмкін.
•
C Pen құрылғысын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны
толық зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
•
Зарядтау уақытында қуат көзі тұрақсыз жұмыс істеген кезде C Pen құрылғысы
жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдайда, зарядтағышты құрылғыдан ажырату керек.
•
Зарядтау кезінде, C Pen қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және C Pen’s
құрылғысының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер батарея
әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
•
C Pen құрылғысы дұрыс зарядталмай жатса, C Pen құрылғысын Samsung сервис
орталығына апарыңыз.
1
Зарядтау портының қақпағын ашып, зарядтағышқа C Pen қаламын жалғаңыз.
Зарядтағышты дұрыс жалғамау C Pen құрылғысын қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
Қазақ тілі
5
Summary of Contents for EJ-PW700
Page 1: ...www samsung com User Manual 10 2016 Rev 1 1 Galaxy TabPro Pen EJ PW700 ...
Page 494: ...使用 C Pen 11 2 将笔尖从笔中取出 3 将橡胶笔尖从笔杆取下 笔杆 橡胶笔尖 取出橡胶笔尖时 握住橡胶笔尖 然后拉笔杆 如果拉橡胶笔尖 会将其拉 坏 简体中文 11 ...
Page 495: ...使用 C Pen 12 4 将新橡胶笔尖安装到笔杆上 然后将笔尖插入笔中 5 逆时针方向旋转以拧紧笔尖帽 简体中文 12 ...
Page 539: ...제품 사용하기 11 펜촉 교체 방법 펜촉이 닳으면 새 펜촉으로 교체한 후 사용하세요 1 펜촉 덮개를 시계 방향으로 돌려서 여세요 2 펜촉을 빼내세요 한국어 9 ...