Құлаққапты жалғау
11
Қосымша мобильді құрылғыларды қосу
Құлақаспап бір уақытта екі мобильді құрылғыға қосыла алады. Мұндай жағдайда, сіз қосылатын
екінші мобильді құрылғы негізгі құрылғы болып орнатылады.
Бұл мүмкіндік кейбір мобильді құрылғыларда қолжетімсіз болуы мүмкін.
1
Құлаққапты Bluetooth арқылы бірінші мобильді құрылғыға жалғаңыз. Қосымша ақпаратты
Мобильді құрылғыларға Bluetooth арқылы қосылу
бөлімінен қараңыз.
2
Bluetooth жұптау режиміне қайта оралу үшін құлаққаптың көп функциялы түймесін басып
тұрыңыз.
Бірінші мобильді құрылғы ажыратылатын болады.
3
Бірінші мобильді құрылғыға жалғаған жолмен құлаққапты екінші мобильді құрылғыға жалғаңыз.
4
Бірінші құрылғыда Bluetooth тізімінен құлаққапты таңдап, оны қайта жалғаңыз.
Мобильді құрылғыларды қайта қосу немесе
ажырату
Мобильді құрылғыларды қайта қосу
Егер құлаққап пен мобильді құрылғы арасындағы қашықтық себебінен Bluetooth байланысы үзілсе,
автоматты түрде қосылуы үшін құрылғыларды бір-біріне біраз уақытқа жақындатыңыз.
Мобильді құрылғының жалғануы себебінен Bluetooth байланысы үзілсе, мобильді құрылғыдағы
Bluetooth мәзірін пайдаланыңыз.
Мобильді құрылғыларды ажырату
Құлаққаптың көп функциялы түймесін басып тұрыңыз. Сонда Bluetooth байланысы үзіліп, құлаққап
қайтадан Bluetooth жұптастыру режиміне ауысады.
Bluetooth байланысын сондай-ақ қуат түймесін басып тұрып, құлаққапты өшіру арқылы ажыратуға
да болады. Мұндай жағдайда құлаққап іске қосылған соң, ол байланыс аясында болған ең соңғы
жұпталған мобильді құрылғыға автоматты түрде қосылады.
Bluetooth қосылымы дұрыс ажыратылмаған болса, шу естілуі мүмкін.
Қазақ тілі
11