Құлақаспапты пайдалану
14
Мультимедиалық файлдарды ойнату
Құлаққапты мобильді құрылғыға жалғаған соң, музыка немесе бейне сияқты мультимедиалық
файлдарды тыңдап, құлаққаптағы түймелердің көмегімен мультимедианың ойнатылуын басқара
аласыз.
Мобильді құрылғыда музыка немесе бейне файлын ойнатыңыз.
Мультимедиалық файлдарды ойнату немесе кідірту
Мультимедиалық файлдарды ойнату немесе тоқтату үшін көп функциялы түймені басыңыз.
Бір-біріне жалғанған екі мобильді құрылғыда бір уақытта мультимедиалық файлдар ойнатылып
жатса, құлаққап бірінші болып ойнатыла бастаған мобильді құрылғыдан файлды ойнататын
болады.
Келесі мультимедиалық файлды ойнату
Ойнату барысында келесі файлды ойнату үшін көп функциялы түймені екі рет басыңыз.
Алдыңғы мультимедиалық файлды ойнату
Ойнату барысында алдыңғы файлды ойнату үшін көп функциялы түймені үш рет басыңыз.
Егер мультимедиа файлы ойнатыла бастағаннан кейін үш секунд өткен соң көп функциялы
түймені үш рет бассаңыз, ойнату басынан басталады. Алдыңғы мультимедиалық файлды
ойнату үшін, мультимедиалық файл ойнатыла бастағаннан кейін үш секунд ішінде көп
функциялы түймені үш рет басыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін реттеу үшін дыбыс деңгейі түймесін басыңыз.
Қазақ тілі
14