Құлаққапты жалғау
10
Мобильді құрылғыларға Bluetooth арқылы
қосылу
Мобильді құрылғыларға қосылған кезде, құлаққаппен кіріс қоңырауларды қабылдауға немесе
мультимедиалық файлдарды тыңдауға болады.
•
Құлаққапты бірінші рет іске қосқан кезде, ол Bluetooth жұптастыру режиміне автоматты
түрде енеді.
•
Bluetooth арқылы қосылғаннан кейін іске қосқан кезде, құлаққап автоматты түрде соңғы
жұпталған мобильді құрылғыға қосылуға әрекет жасайды.
•
Bluetooth қосылымы сәтсіз аяқталса немесе мобильді құрылғы құлаққабын анықтай алмаса,
мобильді құрылғының тізімінен құрылғының ақпаратын жойыңыз. Содан кейін қосылу
әрекетін қайталаңыз.
•
Қосылу әдістері қосылған мобильді құрылғыға байланысты әртүрлі болып, Bluetooth
байланыс ауқымы мен дыбыс сапасы қосылған мобильді құрылғының өнімділігіне тәуелді
болуы мүмкін.
1
Bluetooth жұптау режиміне өту үшін көп функциялы түймені басып тұрыңыз.
Индикатор шамы қызыл және көк түспен кезектесіп жарқылдайды.
2
Мобильді құрылғыда Bluetooth мүмкіндігін белсендіріңіз және қолжетімді құрылғылар тізімінен
Samsung Level U2
опциясын таңдаңыз.
Байланыс орнатылған кезде индикатор шамы көк түспен үш рет жылдам жарқылдайды.
Қазақ тілі
10