Жұмысты бастау
6
Атау
Функция
Дыбыс деңгейі
түймесі
•
Қоңырау шалу немесе мультимедиалық файлдарды ойнату
барысында дыбыс деңгейін реттеу үшін басыңыз.
•
Мультимедиалық файлдарды ойнату барысында келесі файлға өту
үшін Дыбыс деңгейі (-) түймесін басып тұрыңыз.
•
Мультимедиалық файлдарды ойнату барысында алдыңғы файлға
өту үшін Дыбыс деңгейі (+) түймесін басып тұрыңыз.
•
Діріл мүмкіндігін қосу немесе өшіру үшін Дыбыс деңгейі түймесін
(+ және -) басып, шамамен бір минут бойы бір мезгілде ұстап
тұрыңыз.
Құлақаспапты қайта қосу кезінде діріл мүмкіндігі өшірулі болса, мүмкіндік автоматты
түрде қосылады.
Батареяны зарядтау
Құлақаспапты бірінші рет пайдалану алдында немесе құлақаспап ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмаса, батареяны зарядтаңыз.
Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды және кабельдерді пайдаланыңыз.
Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе
құлақаспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Егер батарея заряды толығымен таусылса, зарядтағышты жалғағаннан кейін
құлақаспапты бірден қосуға болмайды. Құлақаспапты қосудан бұрын таусылған
батареяның бірнеше минут зарядталуына мүмкіндік беріңіз.
Зарядтау портының қақпағын ашып, құлақаспапты зарядтағышқа жалғаңыз.
Зарядтағышты дұрыс жалғамау құлақаспапты қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
Қазақ тілі
4