Сымсыз зарядтағышты пайдалану
5
3
Мобильді құрылғы толығымен зарядталған болса, сымсыз зарядтағыштан ажыратыңыз.
•
Мобильді құрылғының дұрыс зарядталуын қамтамасыз ету үшін мобильді құрылғы
мен зарядтағыштың беткі қабаты арасындағы кез келген кедергілерді кетіріңіз.
Сондай-ақ, мобильді құрылғының зарядтау бетіне дұрыс қойылғанына көз
жеткізіңіз.
•
Сіздің мобильді құрылғыңызға қалың тыс бекітілген болса, сымсыз зарядтау дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Тыс қалың болса, өз мобильді құрылғыңызда сымсыз
зарядтағышқа салудың алдында, оны алып тастаңыз.
•
Зарядтағыш желі сигналы төмен болатын жерлерде қолданылған кезде, желі
қосылымы ажырауы мүмкін.
•
Сымсыз зарядтау кезінде зарядтағышты мобильді құрылғыға жалғасаңыз, сымсыз
зарядтау функциясы қол жетімді емес болады.
•
Сымсыз зарядтағыш WPC куәліктендірілген құрылғылармен үйлесімді.
•
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың Қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау
үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек.
Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді
болуы керек.
Сымсыз жылдам зарядтау
Сымсыз зарядтағыш сымсыз жылдам зарядтауға қолдау көрсетеді. Сымсыз зарядтауды
бастау үшін, сымсыз жылдам зарядтауға қолдау көрсететін мобильді құрылғыны сымсыз
зарядтағышқа салыңыз.
Samsung тарапынан бекітілген, тез зарядтауға қолдау көрсететін зарядтағыштарды
ғана қолданыңыз (EP-TA
20
сериясы 9 V
/
1,67 A).
Сымсыз зарядтағыштың ішіндегі желдеткіш сымсыз жылдам зарядтау уақытында
жұмыс істейді. Мобильді құрылғыда осы мүмкіндік өшірулі болған кезде, желдеткіш
жұмыс істемейтін болады.
Қазақ тілі
5