Ақаулықты түзету
Егер теледидарда ақау бар сияқты болса, әуелі осы тізімдегі ақаулықтарды оқып, ықтимал шешімдерді қолданып көріңіз. Бұл
ақаулықты түзетуге қатысты кеңестердің ешбірі көмектеспесе, “www.samsung.com” торабына барып, содан кейін "Поддeржкa"
қойындысын басыңыз немесе Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық
Шешімі және түсіндірмесі
Суреттің сапасы
Ең алдымен, теледидар сынақ бейнені дұрыс көрсететін- көрсетпейтінін тексеру үшін
Суретті тексеру
. (
MENU
-
Қолдау - Өзін-к диагностика - Суретті тексеру
) Сынақ үшін көрсетілетін бейне дұрыс көрсетілмесе, бейненің
сапасы сигнал көзіне байланысты нашар көрсетілуі мүмкін.
Теледидар бейнені дүкенде
тұрған кездегідей жақсы
көрсетпейді.
• Аналогты кабель/жерсерік ресивері бар болған жағдайда, сандық жерсерік ресиверге дейін жаңарту керек.
HDMI не Component сымдарын, сурет сапасын жоғары ажыратымдылықта көрсету үшін қолданыңыз.
• Кабель/Жерсерік сигналы абоненті: Арналардың ішінен жоғары ажыратымдылық станциясын таңдаңыз.
• Антенна қосылымы: Авто бағдарламаны орындағаннан кейін жоғары ажыратымдылық станцияларын қосып
көріңіз.
• Көптеген жоғары ажыратымдылықтағы арналар, стандартты ажыратымдылықтағы арна мазмұндары
негізінде жасалған.
• Кабель/жерсерік ресиверінің шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p қалпына қойыңыз.
• Теледидарды сигналдың өлшемі мен анықтамасына сай ұсынылған ең минимум қашықтықта қарап
отырғаныңызға көз жеткізіңіз.
Сурет бұзылып көрсетіледі: үлкен
текшелер, кішкене текшелер,
нүктелер, пикселдер
• Бейнежазба мазмұнын "қысу", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдері тәрізді жылдам қозғалыстағы
видео көрсетілген кезде суреттің сапасын бұзуы мүмкін.
• Сигналдың төмен немесе сапасының нашар болуы, суреттің бұзылып көрсетілуіне әсер етуі мүмкін. Бұл
теледидарға қатысты мәселе емес.
• Ұялы телефондарды теледидарға жақын тұрып қолдансаңыз (шамамен 1м), аналогты және сандық
теледидар арқылы көрсетілетін суреттер бұрмалануы мүмкін.
Түсі теріс немесе түстер
жетіспейді.
• Компонент қосылымын қолданып отырсаңыз, компонент сымдарының дұрыс ұяшықтарға жалғанғанын
тексеріңіз. Теріс немесе босаң қосылымдар, түс мәселесінің орын алуына немесе бейнебеттің бос
көрсетілуіне себеп болуы мүмкін.
Түс немесе жарықтылық сапасы
нашар.
• Теледидар мәзірінен
Сурет
параметрлерін түзетіңіз. (мына қадамдарды орындаңыз:
Сурет режимі / Түс /
Ашықтық / Айқындық
)
• Теледидар мәзірінен
Қуат үнемдеу
параметрлерін түзетіңіз. (мына қадамдарды орындаңыз:
MENU
-
Жүйе -
Үнемдеу шешімі - Қуат үнемдеу
)
• Суреттің әдепкі параметрлерін көру үшін, оның бастапқы параметрлерін орнатып көріңіз. (мына қадамдарды
орындаңыз:
MENU
-
Сурет - Сур. з.мән-н кел-у
)
Экранның шетінде нүктелерден
тұратын сызық пайда болады.
• Егер суреттің өлшемі
Экранға сәй-у
қалпында тұрса,
16:9
қалпына қойыңыз.
• Кабель/Жерсерік ресиверінің ажыратымдылығын өзгертіңіз.
Сурет ақ немесе қара болып
көрінеді.
• Аудио-видео сигналын қолдансаңыз, видео сымын (сары) теледидардағы 1-ші компонент құрылғысының
жасыл ұяшығына жалғаңыз.
Арналарды ауыстырған кезде,
сурет қимылсыз қалады не
бұзылып немесе баяу жылжиды.
• Егер теледидарға кабель қорапшасы жалғанып тұрса, оны қайта жалғап көріңіз. AC сымын қайта жалғап,
кабель қорапшасы қайта іске қосылғанша күтіңіз. Бұған 20 минуттай уақыт кетуі мүмкін.
• Кабель қорапшасының шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p қалпына қойыңыз.
Үнділік сапасы
Ең алдымен, теледидардың аудио параметрлерінің дұрыс орнатылғанын тексеру үшін
Дыбыс сынағы
сынағын өткізіп көріңіз. (мына қадамдарды орындаңыз:
MENU
-
Қолдау - Өзін-к диагностика - Дыбыс
сынағы
)
Егер аудио OK қалпына қойылса, үнділікке қатысты мәселе сигнал көзіне байланысты болуы мүмкін.
Ешбір дыбыс жоқ немесе үнділік
параметрі ең жоғары деңгейге
қойылса да, дауыс ақырын
шығады.
• Теледидарға қосылған құралдың (Кабель/Жерс. ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с) үнділігін тексеріңіз.
Сурет жақсы көрсетілсе де, үнділік
жоқ.
•
Динамик таңдау
параметрін, үнділік мәзірі арқылы
Тлд динамигі
қалпына қойыңыз.
• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, аудио сымдардың теледидардағы аудио кіріс ұяшықтарына дұрыс
жалғанғанын тексеріңіз.
• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, құрылғының аудио шығыс параметрін (мысалы, теледидарға HDMI
жалғанып тұрса, кабель қорапшасының аудио параметрін, HDMI параметріне қою қажет болуы мүмкін)
тексеріңіз.
• DVI құрылғысын HDMI сымы арқылы жалғаған кезде, бөлек аудио сымы қажет етіледі.
• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.
Үндеткіштер жағымсыз шуыл
шығарып түр.
• Сымдардың қосылымдарын тексеріңіз. Видео сымының аудио ұяшыққа жалғанып тұрмағанын тексеріңіз.
• Антенна немесе кабель қосылымдары бар болса, сигнал қарқынын тексеріңіз. Әлсіз сигнал үнділікті бұзуы
мүмкін.
Қазақша - 14
PF4900-RU_KAZ.indd 14
2013-03-21 3:47:01