Казақ - 18
ТД-ды қабырғалық аспа жинақты (опция) пайдаланып
қабырғаға орнату
Қабырғаға немесе төбеге орнату
Егер құрылғыны қабырғаға орнатсаңыз, өндіруші ұсынған жолмен орнату керек. Егер дұрыс орнатылмаса, құрылғы
жылжып немесе құлап қалып, баланы немесе ересек адамды қатты жарақаттауы, құрылғыға елеулі зақым келтіруі
мүмкін.
Қабырғалық аспа жинағын орнату
Қабырғалық аспа жинақ (бөлек сатылады) ТД-ды қабырғаға орнатуға мүмкіндік береді.
Қабырғалық аспа жинақты орнатуға қатысты толық ақпаратты, қабырғалық аспа жинақтың нұсқаулығынан оқыңыз.
Қабырғаға орнатылатын құрсауды орнына қондыру үшін техник маманға хабарласуды ұсынамыз. Өз бетіңізбен орнатуды
ұсынбаймыз. Samsung Electronics компаниясы құрылғыны өз бетіңізбен орнату нәтижесінде жарақат алсаңыз не басқа
адамдар зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, жауапкершілік көтермейді.
Қабырғалық аспа жинақты орнату
Қалқан тұтқаны бекіту
Қалқан тұтқа
Қосымша ақпаратты Қабырғалық аспа жинақты сатып алған кезде,
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
ТД-ды қабырғаға орнатқан кезде, қалқан тұтқаны көрсетілгендей
орнатыңыз.
Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)
✎
Қабырғалық аспа жинақ теледидармен бірге жеткізілмейді, бірақ жеке сатылады. Қабырғалық аспа жинақты
қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Басқа құрылыс материалдарына орнату үшін, жақын
жердегі дилерге хабарласыңыз. Төбеге немесе қисық қабырғаға орнатса құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.
✎
ЕСКЕРІМ
−
Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері төмендегі кестеде көрсетілген.
−
Қабырғалық аспа жинақ сатып аларда, оны орнатуға қатысты толық нұсқаулық пен керек - жарақтар беріледі.
−
VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз.
−
Стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз.
Тым ұзын бұрандалар теледидардың ішкі бөлшектеріне зиян келтіруі мүмкін.
−
VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса,
бұрандаларының ұзындықтары қабырғалық аспа жинақ спецификациясына байланысты басқаша болуы мүмкін.
−
Бұрандаларды тым қатайтпаңыз; себебі өнімге нұқсан келуі немесе құлап қалып, адам жарақат алуы мүмкін.
Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.
−
VESA стандартына сай емес немесе өндіруші ұсынбаған қабырғалық аспа жинақ қолданылса немесе сатып
алушы өнімді орнату туралы нұсқауларды орындамағандықтан өнімге зақым келсе немесе адам жарақат алса,
Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.
−
Теледидарды 15 градустан асыра қисайтпаңыз.
Өнім тобы
Дюйм
VESA Spec.(A * B)
Стандартты бұранда
Саны
ПБП ТД
[Ultra-Slim]
51
400 X 400
M8
4
60 - 64
600 X 400
✎
Қабырғалық аспа жинақты орнатардың алдында, қабырғаға тесіктерді бұрғылап жасаңыз.
Қабырғалық аспа жинақты теледидар қосулы тұрғанда орнатпаңыз. Себебі электр тоғы соғып,
адам жарақат алуы мүмкін.
[PF8500-RU]BN68-04828L-08L04.indb 18
2014-01-15 10:38:59