• Әрқашан Samsung ұсынған шкафтарды немесе
тұрғыларды немесе құрастыру әдістерін пайдаланыңыз.
• Теледидарды қауіпсіз түрде көтеріп тұра алатын жиһазды
ғана пайдаланыңыз.
• Теледидар орналастырылған жиһаздың шетінен
теледидардың шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Балаларға теледидарға немесе оның басқару
құралдарына жету үшін жиһаздың үстіне шығудың қауіпті
екенін түсіндіріңіз.
• Теледидарға жалғанған сымдар мен кабельдерді
оларға кісі сүрініп, тартып қалмайтындай немесе жұлып
алмайтындай етіп өткізіңіз.
• Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз.
• Теледидарды биік жиһаздың (мысалы, шкафтың немесе
кітап сөресінің) үстіне қойғанда, жиһаз бен теледидарды
қолайлы тіреуге анкермен бекітпей тұрып қоюға
болмайды.
• Теледидар мен тіреуіш жиһаздың арасында болуы
мүмкін матаның немесе басқа материалдардың үстіне
теледидарды қоюға болмайды.
• Ойыншық немесе қашықтан басқару пульті сияқты
заттарды теледидардың немесе теледидар қойылған
жиһаздың үстіне қоюға болмайды, себебі балалар
олардың үстіне шығуға тырысуы мүмкін.
Егер қолданыстағы теледидарды сақтауға қоятын немесе
орнын ауыстыратын болсаңыз, жоғарыдағы шараларды
ескеру қажет.
• ТД-ды тазалау немесе орнын ауыстыру үшін жылжытқан
кезде тұрғыны тартпаңыз.
ТД-дың құлап қалуына жол бермеу
1.
Тиісті бұрандалардың көмегімен қапсырмалар жинағын
қабырғаға мықтап бұрап бекітіңіз. Бұрандалардың
қабырғаға мықтап бекітілетініне көз жеткізіңіз.
–
Қабырғаның түріне байланысты қабырға анкері тәрізді
қосымша зат қажет болуы мүмкін.
2.
Тиісті өлшемді бұрандалардың көмегімен қапсырмалар
жинағын теледидарға мықтап бұрап бекітіңіз.
–
Бұрандалардың техникалық сипаттамаларын, Жылдам
орнату нұсқаулығы құжатының кестесіндегі стандартты
бұранда бөлшегін қараңыз.
3.
ТД-ға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген
қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан кейін
сымды мықтап байлаңыз.
–
ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға жақын
орнатыңыз.
–
Қабырғаға бекітілген қапсырмалар ТД-ға бекітілген
қапсырмалармен бір деңгейде немесе олардан
төменірек тұру үшін сымды жалғаңыз.
Теледидарды тұғырдың көмегімен орнатқан кездегі
сақтық шаралары
Теледидарды тұғырдың көмегімен орнатқан кезде тұғырды
үстелдің артқы бөлігіне қоюға болмайды. Бұлай істемесеңіз
теледидардың астыңғы жағындағы қимыл сенсоры дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Іс-әрекет
• Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған
жерде, осы батареяларды қоқысқа дұрыс тастауды қажет
ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін.
Ескірген батареяны тастау немесе өңдеуден өткізу туралы
ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.
• Керек-жарақтарды (пультті, батареяларды немесе т.с.с.)
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз. Құрылғы
бүлінген болса, қуат сымын суырыңыз да, Samsung қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Пультті немесе батареяларды отқа тастамаңыз.
• Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе
қатты қыздыруға болмайды.
•
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Қашықтан басқару пультіндегі
батареялардың орнына сай келмейтін батарея түрін
салсаңыз жарылыс шығуы мүмкін. Батареяның орнына,
дәл осындай батареяны салыңыз.
• ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
ҮШІН ОСЫ ӨНІМДІ МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ
БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІНЕН АЛЫС
ҰСТАҢЫЗ.
Қазақ - 4