Қазақша-30
КЕПІЛДІК
Samsung компаниясының бұл өніміне, сатып алған күннен бастап, ақаулығы бар бөлшектері
мен жұмыстарына он екі (12) айға кепілдік беріледі. Егер кепілдік шартына саятын қызмет
қажет болса, алдымен өнімді сатып алған дилерге қайтаруыңыз керек. Дегенмен, Samsung
уəкілетті қызмет көрсету орталықтары кепілдік шарттарын Кепілдік мерзімі аяқталғанша
орындайды. Толығырақ ақпаратты ең жақын уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып
алыңыз.
КЕПІЛДІК ШАРТЫ БОЙЫНША ШАҒЫМ ТҮСІРУ РƏСІМІ
Кепілдік шарты бойынша шағым түсіру үшін, Samsung уəкілетті қызмет көрсету орталығына
(қараңыз: толық ақпарат жоғарыда) Кепілдік мерзімі кезінде хабарласып, өнімге қатысты
туындаған мəселелерді талқылаңыз. Егер жөндеу немесе айырбастау жұмыстарын орындау
қажет болса, сізге Кепілдік шағымы нөмірі мен Уəкілетті қызмет көрсету орталығының
мекенжайы беріледі. Егер сізге өнімді жөндеу немесе айырбастау үшін Кепілдік шағымы нөмірі
берілсе, өнімді Уəкілетті қызмет көрсету орталығына төмендегілерді қоса жіберуіңіз керек:
• толтырылған кепілдік түбіртегінің көшірмесін, егер бұл құжат Samsung компаниясына əлдеқашан
берілген болса, аты-жөніңізді, мекенжайыңыз бен байланыс телефон нөміріңізді беріңіз;
• өнімді жаңадан сатып алғанда берілген түпнұсқалық чек, инвойс немесе сатып алу парақшасы;
• Кепілдік шағымы нөмірі.
Содан кейін Samsung өнімді жөндейді немесе ауыстырады да, берілген мекенжай бойынша өзіңізге
қайтарады.
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
1.
Кепілдік тек жоғарыда аталып өткен кепілдік шағымын рəсімдеу шарттары орындалса ғана заңды
күшке ие.
2.
Samsung жауапкершілігі өнімді жөндеу немесе өз шешіміне орай, өнімді немесе оның ақаулығы бар
бөлшегін айырбастаумен ғана шектеледі.
3.
Кепілдік шарты бойынша жөндеулерді тек Samsung уəкілетті орталықтары ғана жүзеге асыруға
тиіс. Samsung тарапынан рұқсат алмаған қызмет көрсету орталықтары мен делдал ұйымдар жүзеге
асырған жөндеу жұмыстары үшін ешбір төлемақы қайтарылмайды, жəне бұндай жөндеу жұмыстары
мен өнімге зақым келтірген жөндеу жұмыстары кепілдік шартына кірмейді.
4.
Егер бұл өнімді, аталмыш өнім арналған немесе жасақталған елден басқа елде қолдану үшін,
сол елдегі заң күшіне ие жалпы заңдар мен техникалық стандарттарға немесе қауіпсіздік
стандарттарына сəйкес келтіру қажет болса, бұндай əрекет, өнім ақауы бар материалдан жасалған
немесе оны жасау барысында жұмыс ақауы орын алған дегенді білдірмейді. Бұндай өзгертулер де,
олардың салдарлары да бұл кепілдікке кірмейді, жəне бұндай шығындардың құны қайтарылмайды.
5.
Бұл кепілдікке келесі себептерге байланысты бүлінген немесе ақаулыққа ұшыраған
өнімдер жатпайды, атап айтқанда:
• апат, теріс қолдану немесе теріс пайдалану;
• өнім көрсетілген мақсаттан басқа мақсатта қолданылса;
• Samsung өндірмеген немесе сатпаған бөлшектер қолданылса;
• Samsung жазбаша рұқсатынсыз енгізілген өзгертулер;
• транзит, ұқыпсыздық, қуат қарқыны кенет арту немесе төмен түсу салдарынан болған
жағдайлар;
• күн күркіреу, су, өрт немесе басқа да табиғи апаттардың салдарынан келген нұқсан;
• қалыпты ескіру немесе желіну; не
• таратылым тəсілдерінің немесе елдердегі өнім стандарттарының əр түрлі болуы салдарынан
болған жағдайлар.
6.
Бұл кепілдік өнімнің кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, оған заңды түрде иелік ету үшін сатып алған,
кез келген сатып алушы үшін жарайды.
7.
ЕГЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА ШЕКТЕУ САЛМАСА НЕМЕСЕ ҚАРАСТЫРМАСА, ОСЫ
КЕПІЛДІКТЕГІ ЕШБІР ШАРТ, SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДƏЛЕЛДЕНГЕН ҰҚЫПСЫЗДЫҒЫ
САЛДАРЫНАН АДАМ ҚАЙТЫС БОЛСА НЕМЕСЕ ЖАРАҚАТТАНСА, SAMSUNG КОМПАНИЯСЫН
ЖАУПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТПАЙДЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ШЕКТЕМЕЙДІ.
8.
ЗАҢ БОЙЫНША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАЙТЫН SAMSUNG ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІН ЕСКЕРМЕГЕНДЕ,
SAMSUNG МЫНА ЖАҒДАЙЛАР ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС: ЕШБІР ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, БАЙҚАУСЫЗ,
ҚАСАҚАНА НЕМЕСЕ КҮТПЕГЕН НҰҚСАН НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАР; НЕМЕСЕ ОСЫ ӨНІМДІ САТЫП
АЛУҒА НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУҒА НЕ САТУҒА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ БАЙЛАНЫСЫ
БАР КІРІСТЕН АЙЫРЫЛУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛУ НЕ ДЕРЕКТЕРДІ
ЖОҒАЛТЫП АЛУ, РЕПУТАЦИЯДАН НЕМЕСЕ БИЗНЕСТЕН АЙЫРЫЛУ ТƏРІЗДІ SAMSUNG
КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАНҒАН НЕМЕСЕ ХАБАРЛАНБАҒАН НҰҚСАНДАР, ШЫҒЫНДАР.
9.
ЗАҢ БОЙЫНША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАЙТЫН SAMSUNG ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІН ЕСКЕРМЕГЕНДЕ,
SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ САТЫЛЫМ АЯСЫНДА НЕМЕСЕ СОҒАН
БАЙЛАНЫСТЫ ОРЫНДАЛАТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ, ОСЫ ӨНІМДІ ЖАҢАДАН САТЫП АЛҒАН КЕЗДЕ
ТӨЛЕНГЕН АҚЫ МӨЛШЕРІНЕН АСПАУҒА ТИІС:
10.
ЕГЕР ОСЫ КЕПІЛДІКТЕ КӨРСЕТІЛМЕСЕ, БАРЛЫҚ ШАРТТАР, КЕПІЛДІКТЕР МЕН ТАЛАПТАР ЗАҢ
НЕГІЗІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН НЕМЕСЕ ЕГЕР БҰНДА ЕСЕПКЕ АЛЫНБАСА, ОНДА ЗАҢ РҰҚСАТ ЕТЕТІН
ЕҢ ШЕТІН ДЕҢГЕЙГЕ САЙ ЕСЕПКЕ АЛЫНБАҒАН.
11.
Жоғарыда көрсетілген кепілдік шарттары, сіздің сатып алушы ретіндегі заңды құқықтарыңызға
нұқсан келтірмейді.
zznTZZWWjynyGzznTZ^WWjysX]UGGGZW
YWXXTWYTWXGGG㝘䟸G]aWWaZ]
Summary of Contents for SSG-3300GR
Page 57: ......
Page 58: ......
Page 59: ......
Page 60: ......
Page 61: ......
Page 82: ...7KLV SDJH LV LQWHQWLRQDOO OHIW EODQN zznTZZWWjy nyGzznTZ WWjy sX U GGG YWXXTWYTWXGGG㝘䟸G aWWa ...
Page 83: ...7KLV SDJH LV LQWHQWLRQDOO OHIW EODQN X j U GGG YWXXTWYTWXGGG㝘䟸G aWXaZ_ ...
Page 84: ...7KLV SDJH LV LQWHQWLRQDOO OHIW EODQN X j U GGG YWXXTWYTWXGGG㝘䟸G aWXaZ_ ...