Қазақша - 10
Ақаулықты түзету
Егер теледидарда ақау бар сияқты болса, әуелі осы тізімдегі ақаулықтарды оқып, ықтимал шешімдерді қолданып
көріңіз. Бұл ақаулықты түзетуге қатысты кеңестердің ешбірі көмектеспесе, “www.samsung.com” торабына барып,
содан кейін "Поддeржкa" қойындысын басыңыз немесе Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ақаулық
Теледидар іске қосылмайды.
• Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Теледидардың
POWER
түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне байланысты
емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, төмендегі “Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді”
тармағын қараңыз.
Ақаулық
Ешбір сурет/видео жоқ.
• Сым қосылымдарын тексеріңіз (теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын ағытып алыңыз да,
қайта жалғаңыз).
• Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Жерсерік ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығысын ұяшығын,
теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Мысалы, сыртқы құрылғының шығыс ұяшығы
HDMI болса, оны теледидардың HDMI кіріс ұяшығына жалғау керек.
• Жалғанған құрылғылардың электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
• Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі
SOURCE
түймешігін басып, теледидар сигналының көзін дұрыс
таңдаңыз.
• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.
Ақаулық
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.
• Қашықтан басқару пульті батареяларын ауыстырғанда, (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
• Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.
• Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.
Ақаулық
Кабель/спутниктік ресивердің қашықтан басқару пульті, теледидарды іске қоспайды не
сөндірмейді, үнділігін реттемейді.
• Кабель/Жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп бағдарламалаңыз.
SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/жерсерік ресиверінің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
✎
Теледидарды ең оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламаның ең соңғы нұсқасын веб-сайттан (www.samsung.
com → Қолдау → Downloads (Қотару)) USB арқылы орната аласыз.
✎
Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі кіші пикселдер технологиясынан құралатын панель
қолданылады. Дегенмен, бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл
пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.
[UF4003-RU]BN68-05625A-00L04.indb 10
2013-09-26 4:24:50
Summary of Contents for UE32FH4003W
Page 14: ...This page is intentionally left blank UF4003 RU BN68 05625A 00L04 indb 2 2013 09 26 4 24 32 ...
Page 28: ...This page is intentionally left blank UF4003 RU BN68 05625A 00L04 indb 2 2013 09 26 4 24 39 ...
Page 42: ...This page is intentionally left blank UF4003 RU BN68 05625A 00L04 indb 2 2013 09 26 4 24 45 ...