ТД-дың құлап қалуына жол бермеу
1.
Тиісті бұрандалардың көмегімен қапсырмалар жинағын қабырғаға
мықтап бұрап бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап
бекітілетініне көз жеткізіңіз.
–
Қабырғаның түріне байланысты қабырға анкері тәрізді
қосымша зат қажет болуы мүмкін.
2.
Тиісті өлшемді бұрандалардың көмегімен қапсырмалар жинағын
теледидарға мықтап бұрап бекітіңіз.
–
Бұранданың техникалық параметрлерін "ТД-ды қабырғаға
орнату" тармағындағы стандартты бұранда бөлімінен қараңыз.
3.
ТД-ға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген
қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан кейін сымды
мықтап байлаңыз.
–
ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға жақын орнатыңыз.
–
Қабырғаға бекітілген қапсырмалар ТД-ға бекітілген
қапсырмалармен бір деңгейде немесе олардан төменірек тұру
үшін сымды жалғаңыз.
Қазақ - 10
Қазақ - 11