ТД-ды күтіп ұстау
• Егер ТД экранына жапсырма жабысып тұрса, жапсырманы
алғаннан кейін орны сәл ластанып қалуы мүмкін. ТД қарауға
кіріспей тұрып осы қоқысты тазалаңыз.
• ТД корпусының сыртын және экранын тазалаған кезде сызат
түсуі мүмкін. Құрылғы корпусының сыртына және экранына
сызат түспеу үшін жұмсақ шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.
• ТД-ға су немесе кез келген сұйық затты тура шашпаңыз.
Құрылғыға кірген кез келген сұйық зат оны бүлдіруі, өртке
себеп болуы немесе электр қатерін тудыруы мүмкін.
• Экранды тазалау үшін теледидарды өшіріңіз де, панельдегі
дақтар мен саусақ таңбаларын микроталшықты шүберекпен
ақырындап сүртіңіз. ТД-дың корпусын немесе панелін
шамалы су сіңірілген микроталшықты шүберекпен тазалаңыз.
Осыдан кейін ылғалды құрғақ шүберекпен сүртіп кетіріңіз.
Тазалаған кезде панельдің бетіне қатты күш түсірмеңіз,
себебі бұл панельді бүлдіруі мүмкін. Тұтанғыш сұйықтарды
(мысалы, бензол, сұйылтқыш, т.с.с.) немесе тазалағыш затты
ешқашан қолданбаңыз. Қатып қалған дақтарды кетіру үшін
экран тазартқыш құралдың шағын мөлшерін микроталшықты
шүберекке себіңіз де, онымен дақтарды сүртіп кетіріңіз.
Қазақ - 18