Казақ - 8
"CI немесе CI+ CARD" картасын қолдану
Ақылы арналарды көру үшін “CI немесе CI+ CARD” картасын салу керек.
-
Егер “CI немесе CI+ CARD” картасын салмасаңыз, кей
арналарда “Scrambled Signal” жазуы пайда болады.
-
2~3 минуттан кейін экранда телефон нөмірі, “CI немесе
CI+ CARD” анықтағышы, хост анықтағышы және басқа
деректерді қамтыған жұптастыру ақпараты көрсетіледі. Егер
ақаулық туралы ақпарат пайда болса, қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
-
Арна деректерін теңшеу жұмысы аяқталған кезде, арна
тізімінің жаңартылғанын білдіретін "Жаңарту аяқталды" хабары көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ
-
“CI немесе CI+ CARD” картасын жергілікті кабельдік теледидар провайдерінен алу керек.
-
“CI немесе CI+ CARD” картасын абайлап алыңыз, себебі “CI немесе CI+ CARD” жерге түсіп кетсе, оған нұқсан
келуі мүмкін.
-
“CI немесе CI+ CARD” картасын онда көрсетілген бағытта орнатыңыз.
-
COMMON INTERFACE ұяшығының орналасатын жері үлгі түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
-
Кей елдер мен аймақтарда “CI немесе CI+ CARD” модуліне қолдау көрсетілмеуі мүмкін, сондықтан уәкілетті
дилерге хабарласып сұраңыз.
-
Мәселе туындаған жағдайда, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
-
Ағымдық антенна параметрлеріне қолдау көрсететін “CI немесе CI+ CARD” картасын салыңыз. Экран
бұрмалануы немесе көрсетілмеуі мүмкін.
Желіге қосылу
ТД-ды желіге қосқан кезде Smart Hub тәрізді онлайн қызметтерге қосылуға, сондай-ақ бағдарлама
жаңартылымдарын алуға мүмкіндік туады.
Желілік байланыс - Сымсыз
ТД-ды интернетке стандартты роутерді немесе модемді пайдаланып қосыңыз.
DHCP сервері бар сымсыз IP
роутері немесе Модем
LAN сымы (жинаққа кірмейді)
Қабырғадағы LAN ұяшығы
[HU7200-RU]BN68-06544H-01L04.indb 8
2014-11-20 오후 5:37:06