Казақ - 14
Қолдану: Samsung Smart Control
Samsung Smart Control құралы ТД-ды барынша оңай және ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
KEYPAD
түймешігін бассаңыз, экранда виртуальды қашықтан басқару құралы пайда болады да, сандарды оңай енгізуге,
мазмұн элементін басқаруға және функцияларды пайдалануға мүмкіндік береді.
-
Samsung Smart Control құралын 6м-ден аз қашықтықта тұрып пайдалануды ұсынамыз. Сонымен қатар, осы
түймешікті ТД-ды қарап отырып басқан кезде алдыңғы арнаға қайта оралуға болады.
Samsung Smart Control құралын жұптастыру
ТД-ды Samsung Smart Control құралымен басқару үшін Samsung Smart Control құралын Bluetooth арқылы ТД-мен
жұптастыру керек. Samsung Smart Control құралын ТД-мен жұптастырыңыз.
-
Samsung Smart Control құралын тек бір ғана ТД-мен жұптастыруға болады.
ТД-ды қосу үшін Samsung Smart Control құралын ТД-дың қашықтан басқару сенсорына бағыттап
TV
түймешігін
басыңыз.
-
Қашықтан басқару ресиверінің орналасатын жері үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Samsung Smart Control құралын қайта қосу
Samsung Smart Control жұмыс істеуін тоқтатса немесе дұрыс жұмыс істемесе, батареяларын ауыстырыңыз, себебі
батареяның қуаты жеткіліксіз болуы мүмкін.
Мәселе сонда да шешілмесе, Samsung Smart Control құралы ТД-мен қайта жұптасады.
1.
RETURN
түймешігі мен
GUIDE
түймешігін 3 секундтан астам қатар басып тұрыңыз.
-
Samsung Smart Control құралын ТД-дан шамамен 30см ~ 40см алыс қойып, оның қашықтан басқару
ресиверіне бағытталып тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.
Экранда қосылым белгісі пайда болады. Содан кейін Samsung Smart Control ТД-ға автоматты түрде қосылады.
Экраннан осы ескерту белгісін көрген кезде...
Келесі ескерту белгісі Samsung Smart Control батареяларының
қуаты төмендегенін көрсетеді. Егер ескерту белгісі көрсетілсе,
батареяларды ауыстырыңыз. Қолданыс мерзімі ұзақ болуы үшін
Samsung компаниясы сілті батареяларын пайдалануды ұсынады.
<Батарея қуатының төмен индикаторы>
[HU7200-RU]BN68-06544H-01L04.indb 14
2014-11-20 오후 5:37:08