Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды
нұсқаулар
Теледидарды пайдаланар алдында қауіпсіздік нұсқауларын оқып шығыңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
II класс өнімі: Бұл таңба құрылғыны жерге
тұйықтау (қосу) арқылы қауіпсіз қосылым
жасаудың қажет емес екенін білдіреді.
ЭЛЕКТР ТОҒЫ СОҒУ ҚАТЕРІ. АШПАҢЫЗ.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ
ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН)
АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ
ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА
ТАПСЫРЫҢЫЗ.
АТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін
атаулы кернеу – АТ кернеуі.
Бұл белгіше құрылғының ішінде жоғары
кернеу бар екенін көрсетеді. Осы өнімнің
ішкі бөлшектеріне қол тигізу қауіпті.
ТТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін
атаулы кернеу – ТТ кернеуі.
Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға
және күтіп ұстауға қатысты маңызды
нұсқаулар кітапшасының жинаққа
кіргенін көрсетеді.
Абай болыңыз. Пайдалану нұсқаулығын
қараңыз: Бұл таңба қауіпсіздікке
қатысты толық ақпаратты пайдаланушы
нұсқаулығынан қарауды ұсынады.
• Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін
қажет. Осы құрылғының сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету және қатты қызып кетуден қорғау
үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылауларды ешқашан бітемеу немесе жабық ұстамау керек.
–
Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, ауа айналымы жоқ болса
орнатпаңыз.
–
Осы құрылғыны батарея немесе қызу қондырғысының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура
түсетін жерге қоймаңыз.
–
Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра, т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе
электр қатері орын алуы мүмкін.
• Осы құрылғыға жаңбыр тигізбеңіз немесе суға жақын жерге (ваннаның, легеннің, ас үй
шұңғылшасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына, ылғалды жертөленің ішіне немесе
бассейн т.с.с. қасына қоймаңыз). Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен
ағытыңыз да, дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз.
• Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоқысқа дұрыс тастауды
қажет ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін. Ескірген батареяны тастау немесе
өңдеуден өткізу туралы ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.
• Розеткаға, қуат сымына немесе адаптерге көрсетілген жүктемесінен асыра күш салмаңыз, себебі өрт
немесе электр тоғы соғу қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
• Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын
етіп төсеу керек. Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан
жеріне мұқият назар аударыңыз.
• Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған немесе ұзақ уақыт қолданбаған
кезде, розеткадан суырып, антенна немесе кабель жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған
кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғыны бүлінуден сақтайды.
Қазақ - 3
Қа
зақ
Summary of Contents for UE55NU8500U
Page 22: ...Страница намеренно оставлена пустой ...
Page 105: ...Bu sahifa ataylab bo sh qoldirilgan ...
Page 106: ...Bu sahifa ataylab bo sh qoldirilgan ...