- Қазақ 108 -
- Қазақ 109 -
•
Қабырғалық аспа жинақты орнатып болғаннан кейін, теледидардың артқы пішіміне қарай, олар кей
жағдайларда қозғалып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда арақашықтық сақтау құралын (
) пайдаланыңыз.
Үш бұрышты тірек - қабырғалық аспа жинақты барынша орнықты орнатуға мүмкіндік береді. Бірақ қабырға
мен арадағы қашықтық артуы мүмкін.
•
Көлденең реттеу функциясын пайдаланып, көлденең деңгейді реттей алмасаңыз, орнату жұмыстарының
дұрыс-терісін тексеріңіз.
Көлденең деңгейді реттеу функциясын пайдалана алмасаңыз, қабырғалық аспа жинақтың тірек
жақтауындағы бекіткіштер дұрыс бекітілмеген. Оларды дұрыс орнатыңыз.
•
Көлденең деңгейді 1 градустан 2 градусқа реттеуге болады. Көлденең деңгейді осы ауқымнан асатын градусқа
реттеу үшін қабырғалық аспа жинақты қайта орнатыңыз.
•
Қабырғалық аспа жинақтың бекіткіштері суретте көрсетілгендей шегіне дейін дұрыс бекітілмесе, сәл ғана
қозғалыс теледидарды орнынан жылжытып жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда, бекіткіштердің теледидарға ең
шегіне дейін дұрыс бекітіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
•
Теледидарды қабырғалық аспа жинақтан алған кезде қабельдерге зақым келмеу үшін, қуат сымы мен
оптикалық сымды қабырғалық аспа жинақты ағытып алмай тұрып алыңыз.
•
Теледидарды қабырғадан алғанда әуелі алға қарай тартып, содан кейін міндетті түрде екі адам жоғары қарай
тартуы керек. Дисплейге тура күш салмаңыз.