IM014
www.scarlett.ru
17
SC-BM40002
•
Нанды шамалы уақыт қалдыра тұрыңыз.
•
Қақпақты ашардан бұрын аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
•
Шараны қармауыштың немесе қолғаптың көмегімен алыңыз.
•
Шараны төңкеріңіз де, ептеп сілкіңіз. Егер нан сырғып түспесе, оны шарадан алу үшін ағаш немесе
пластмасса қалақшаны қолдануға болады. Шараның беткі қабатына сызат түсіруі мүмкін металл заттарды
пайдаланбаңыз.
•
Нанды 30 минут суытып қойыңыз, содан кейін оны турауға болады.
•
ЕСКЕРТУ: Қамыр илейтін қалақшаның нанда қалып қоймағанына көз жеткізіңіз. Егер олай болса, оны
наннан ақырындап суырып алыңыз. Қалақшаның беткі қабатына сызат түсіруі мүмкін металл заттарды
пайдаланбаңыз.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
«ТАЙМЕР» ТҮЙМЕШІКТЕРІ
•
«ТАЙМЕР» түймешіктері нан пісіруді кейінге қалдыру уақытын (дайын болған сәтке дейін) орнатуға
мүмкіндік береді.
•
Уақытты орнату қадамы - 10 минут.
•
Ең көп кейінге қалдыру уақыты - 13 сағат.
•
Мысалы: ағымдық уақыт 20:30, сіз нанның сағат 7:00-де, яғни 10 сағат 30 минуттан кейін дайын болғанын
қалайсыз. МЕНЮ (мәзір) түймешігін басыңыз, режимді таңдаңыз, содан кейін 10 сағат 30 минутқа дейін
уақыт қосу үшін таймер түймешігін басыңыз. Уақыт СК бейнебетте көрсетіледі. Содан кейін таймерді іске
қосу үшін «СТАРТ/СТОП» (бастау/тоқтату) түймешігін басыңыз. Бейнебетте кері уақыт санағы басталады.
•
ЕСКЕРТУ: Жұмыртқа, сүт, кілегей мен ірімшік сияқты тез бүлінетін құрамдастарды пайдаланған кезде
таймер функциясын қолданбаған жөн.
«МӘЗІР» ТҮЙМЕШІГІ
•
«МЕНЮ» (мәзір) түймешігі сізге керекті бағдарламаны таңдауға мүмкіндік береді.
•
Бұл үшін «МЕНЮ» (мәзір) түймешігін қанша рет керек болса, сонша рет басыңыз.
•
Бағдарламаның нөмірі және бағдарламаға сәйкес пісіру уақыты СК бейнебетте пайда болады.
«СТАРТСТОП» ТҮЙМЕШІГІ
•
Нан пісіретін пештің жұмысын бастау/тоқтату үшін немесе таңдалған функцияны ысыру үшін
«СТАРТ/СТОП» түймешігін басыңыз.
•
Операцияны аяқтау үшін немесе параметрлерді жою үшін, ұзақ дыбыстық белгі берілгенге дейін
түймешікті 2 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Егер пісіріліп жатқан тағамның күйін тексергіңіз келсе, түймешікті баспаңыз. Пісіріліп жатқан
тағамды тексеру үшін нан пісіретін пештің қақпағындағы көрініс терезесін пайдаланыңыз.
ПІСІРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:
Негізгі
•
Бұл режим ақ бидай ұнынан кіртілдек қыртысы бар жеңіл, үлпілдеген нанды дайындау үшін
пайдаланылады. Дайындау уақыты 2 сағат 59 минут.
Ақталмаған ұннан жасалған
•
Бұл режим ақталмаған ұннан нан дайындау үшін пайдаланылады. Аталған режимде қамыр илеу ұзағырақ
іске асады және нан көтерілуі үшін әлдеқайда көбірек уақыт бөлінеді. Араластырылған құрамдас
бөліктерін алдын ала қыздырып алу үшін 30 минут бөлінеді. Дайындау уақыты 3 сағат 24 минут.
Тез пісірілетін
•
Бұл режим ақ нанды дайындау мерзімін азайтады. Ақ бидай ұнынан кіртілдек қыртысы бар жеңіл,
үлпілдеген нанды жеделдетілген режимде дайындау үшін пайдаланылады. Дайындау уақыты 2 сағат 10
минут.
Француздық
•
Бұл режим бидай ұнынан кіртілдек қыртысы бар нан пісіру үшін пайдаланылады. Бөлке француз багеті
сияқты жеңіл әрі үлпілдек болып шығады. Дайындау уақыты 3 сағат 42 минут.
Төмен көмірсулы
•
Бұл режим сұлы ұнынан және тартылған зығыр дәнінен көмірсу мөлшері төмен нан дайындау үшін
пайдаланылады. Дайындау уақыты 3 сағат 13 минут.
Кекс
•
Бұл режим кекстер және дайын қамырдан бәліштер дайындау үшін пайдаланылады. Дайындау уақыты 1
сағат 10 минут.
Қамыр илеу
•
Бұл режим тек нан пісірместен, қамыр илеу үшін ғана пайдаланылады. Дайындау уақыты 20 минут.
Қамыр
•
Бұл режим соңынан қолдан пішіндеп, тұмшапеште пісіру мақсатында қамыр дайындау үшін
пайдаланылады. Дайындау уақыты 1 сағат 20 минут.
Қамырдан пісіру
•
Бұл режим дайын қамырдан дайындау үшін пайдаланылады. Дайындау уақыты 1 сағат.