IM020
www.scarlett.ru
SC-EK27G58
11
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Бұйымды тек қана жинақтағы қоректену базасымен ғана қолданыңыз. Оны басқа мақсаттарға қолдануға
тиым салынады.
Шәйнекті жұмыс уақытына қоректену негізінен түсіруге болмайды, алдымен оны сөндіріп тастаңыз.
ЕСКЕРТУ: Су қайнаған дейін қақпағын ашпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Жұмыс істеп тұрғанда аспап қызып кетеді. Абай болыңыз! Аспап жұмыс істеп тұрған кезде оның
корпусын қолмен ұстамаңыз. Ыстық буға күйіп қалмас үшін, қақпағын ашқан кезде аспаптың үстінен
еңкеймеңіз.
Қосудың алдында қақпақтың тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз, өйтпейінше қайнаған кезде автоматты
сөндіру жүйесі істемейді де су шайқалып төгілуі мүмкін.
Құрылғы тек қана суды қыздыруға арналған. Басқа мақсаттарға қолдану тиым салынады – бұл бұйымның
бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ДАЙЫНДАУ
Жаңа аспаптағы бөгде иістерден құтылу үшін алғашқы рет қолданар алдында 1-3 лимонның шырынын
немесе лимон қышқылының қалташасын құйып шәйнекте суды қайнатыңыз.
Ерітіндіні 12 сағатқа қалдырыңыз, содан кейін тағы да қайнатыңыз.
Ерітіндіні төгіңіз де, электр түйіспелеріне су кіруіне жол берместен, шайнектің ішін сумен шайыңыз
Қажет болған жағдайда рәсімді қайталаңыз.
ЖҰМЫС
СУДЫ ҚҰЮ
Шәйнекті қоректену тұғырынан түсіріңіз.
Сіз оны тұмсықша арқылы не қақпақты ашып, қылтаннан толтыра алаcыз.
Шәйнектің қызып кетпеуі үшін 0.5 литрден (“MIN” белгіден төмен) аз су құюға ұсынылмайды. 1.7 литрден
(“MAX“ белгіден жоғары) көп су құймаңыз, әйтпесе ол тұмсықша арқылы қайнаған кезде тасып кетуі
мүмкін.
ТОҚҚА ҚОСУ
Қуат тұғырын электр желісіне жалғаңыз.
Су толтырылған шайнекті қорек тұғырына орнатыңыз.
Екі дыбыс белгісі естіледі, шайнектің ішіндегі жарық индикаторы кезек-кезек қызыл, жасыл, көк түспен
жанады да, басқару панеліндегі температура индикаторлары көк түспен жанады.
СУДЫ ҚАЙНАТУ
Басқару панеліндегі тоққа қосу түймесін басыңыз, дыбыстық белгі естіледі, шайнектің ішіндегі жарық
индикаторы қызыл түспен жанады.
Біраз уақыттан кейін шайнек суды 100
0
С градусқа дейін қыздырады. Аталған температураға жеткеннен
кейін шайнек автоматты түрде өшеді де, шайнектің ішіндегі индикатор сөнеді.
ТЕМПЕРАТУРА ТАҢДАУ
Шай өзінің пайдалы табиғи сипаттары мен хош иісін сақтауы үшін оны белгілі бір температурадағы сумен
демдеген дұрыс:
4
0°C – Балалардың тағамын ысыту режимі
70°C – көк шай үшін
80°C – улун шай үшін
90°C – қызыл шай үшін
100°C – қара шай үшін
Бұл шайнекте суды қайнату температурасын таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
Керекті температураны орнату үшін шайнекке су толтырып, оны қуат тұғырына орнатқаннан кейін +/-
түймелерінің көмегімен мына мәндердің бірін таңдаңыз: 40
0
С, 70
0
С, 80
0
С, 90
0
С, бұл орайда басқару
панелінде таңдалған температура индикаторы жанады.
Керекті температураны таңдағаннан кейін басқару панеліндегі тоққа қосу түймесін басыңыз.
Дыбыстық белгі естіледі де, шайнектің ішіндегі индикатор таңдалған температураға сәйкес келетін түспен
жанады:
4
0ºC – шайнектің жасыл түсті жарықтамасы.
70ºC – шайнектің көк түсті жарықтамасы.
80ºC – шайнектің күлгін түсті жарықтамасы.
90ºC – шайнектің сары түсті жарықтамасы.
10
0ºC – шайнектің қызыл түсті жарықтамасы.
Аспап суды жылыта бастайды.