IM021
www.scarlett.ru SC-HB42K10
13
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін,
сан алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
Блендер-қондырманы қозғалтқыш бөлікке орнатыңыз да, оны бекіту үшін сағат тілінің бағытына қарсы
тірелгенше бұраңыз.
Қоспалардың шайқалып төгілуін болдыртпау үшін, іске қосу алдында блендерді араластырылатын
тамақ өнімдеріне батырыңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті
ұсақтау үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу керек.
Жаңғақтың қабығын аршу керек, етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу керек.
Шараны мұз ұсату үшін пайдалануға болады.
Мұз ұсатқан кезде ұсақтағыштың үштен бірінен асырмай толтыру керек және мұз кесектерінің өлшемі 2 х
2 см-ден аспауға тиіс.
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
Шараны шара жетегімен жабыңыз. Шараны шара жетегімен жабыңыз. Жетекті орнына бекіту үшін
жетектегі бекіткіштер шарадағы ойықтарға дәл түсуі қажет.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз да, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған
қондырманың шарасын ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа салып
алыңыз.
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА / АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті тағамдарды шайқап көпіршіту үшін пайдаланыңыз.
Бұл қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін пайдалануға болмайды.
Шайқауға арналған қондырманы өтпелікке қондырыңыз, сондай-ақ өтпелігі бар қондырманы қозғалтқыш
бөлікке орнатыңыз.
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін азық өнімдері салынған шараға батырыңыз. Жұмысты
төмен жылдамдықтан бастаңыз.
ҮГІТУГЕ ЖӘНЕ ЖІҢІШКЕЛЕП ТУРАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК
Пышақтары бар әмбебап дөңгелек көкөністі, мысалы, қиярды, сәбізді, картопты, порей пиязды және
домалақ пиязды, сондай-ақ ірімшіктің кейбір сұрыптарын тілімдеп кесуге және ұсақтап турауға арналған.
ЕСКЕРТУ: Алмалы дөңгелек аса өткір! Оны аса үлкен сақтықпен қолданыңыз!
Дөңгелекті шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
Шараға жетекті кигізіңіз.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Азық-түлікті тек итергішпен беріп, оның үстінен ақырындап басып отырыңыз.
ЖҰМЫСЫ
Дұрыс әрі тиісті түрде құрастырылғанына көз жеткізіңіз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Блендердің “TURBO” режимі бар (8-ші түймешік). Қуаттылығын барынша арттыру үшін TURBO
түймешігін басып ұстап тұрыңыз. Қалыпты режимге оралу үшін оны босатыңыз.
ИМПУЛЬСТІК РЕЖИМ
Импульстік режим түймешігін басыңыз да, ұстап тұрыңыз – блендер осы түймешік басулы тұрғанда
жұмыс істей береді.
Өңделетін азық
Ең үлкен салмағы /
көлемі
Ең ұзақ үздіксіз өңдеу
уақыты (сек)
Бадам
100 г
15
Піскен жұмыртқа
200 г
10
Аунатуға
арналған
кептірілген нан
20 г
15
Сарымсақ
150 г
Қысқа-қысқа басу арқылы
Сан еті
200 г
15
Жаңғақ
100 г
15
Балмұздақ
200 г
20
Мұз
4 немесе 5 текше
Қысқа-қысқа басу арқылы