IM021
SC-HC63050
10
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан
«XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Аспап шашты қырқуға арналған.
Бірінші рет пайдаланардан бұрын машинканың кескіш жүздерін жақсылап майлау қажет.
Бірінші рет тоққа қосар алдында аккумуляторды толық разрядтау және зарядтау қажет.
Алғашқы зарядтау уақыты шамамен 14 сағатты құрайды. Әрбір келесі зарядтау уақыты – 7 сағат.
Аккумулятордың толық заряды 50 минут жұмыс істеуге жетеді.
Батареяның қызмет мерзімі шамамен 1 жылды құрайды және машинканың қаншалықты қарқынды
пайдаланылғанына байланысты болады. Тіпті егер машинка пайдаланылмаса да, батареяны кем
дегенде 6 айда 1 рет қайта зарядтаңыз.
ЕСКЕРТУ! Машинканы зарядтау барысында пайдалануға болмайды, машинка тек аккумулятор
арқылы жұмыс істейді.
Аккумуляторды зарядтау үшін машинканы өшіріңіз, бұл үшін ауыстырып-қосқышты ортаңғы қалпына
қойыңыз да, машинканы қорек сымы арқылы электр желісіне қосыңыз. Сол кезде жарық индикаторы
жанады.
ЖҰМЫСЫ
Алмалы тарақты алыңыз да, бағыттауыштарды тиісті ойықтарға кіргізіп, сырт етіп түскенше ақырын
жылжытыңыз.
Тарақты жылжыта отырып, қалаған шаш қию ұзындығын (6-17 мм) таңдау үшін 6 қалыптың бірін
орнатуға болады.
Тарақтың орналасқан қалпын бекіту үшін машинканың артқы жағындағы тарақтың бекіткішін жоғары
жылжытыңыз.
Сондай-ақ машинкамен тарақсыз да жұмыс істеуге болады.
Машинканы іске қосу үшін ауыстырып-қосқышты төменгі қалпына қойыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін машинканы өшіріңіз, бұл үшін режимдерді ауыстырып-қосқышты ортаңғы
қалпына қойыңыз.
СИРЕТІП ҚЫРҚУ ФУНКЦИЯСЫ
Шашты қысқартпастан көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Сиретіп қырқуға арналған тарақты бері шығару үшін ауыстырып-қосқышты үстіңгі қалпына қойыңыз.
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Шашты құрғақ күйде қырыққан дұрыс.
Шашты қырқар алдында жақсылап тарап алыңыз.
Шашты аз-аздан біртіндеп алып отырыңыз.
Шаш біркелкі қырқылуы үшін машинка шашты қырқып үлгермей жатып оны жылдам жүргізбеңіз.
Шашты қырқу кезінде қырқылған шашты тарақпен жиірек тарап түсіріп отырыңыз.
Машинканың көмегімен шаш қырқу тәсілдері 1-суретте көрсетілген.
БАТАРЕЯНЫ ТАСТАУ
Батареяны қоқысқа тастардан бұрын оны аспаптан шығарып алу керек.
Батареяны алып тастаған кезде аспапты электр желісінен суырып қою керек.
ТАЗАЛАУ
Машинканың ұзақ уақыт әрі сенімді жұмыс істеуі үшін әр шаш қырықққан сайын жүздерін арнайы
маймен үнемі майлап отырған дұрыс.
Маймен сылағаннан кейін жүздерінің арасында майдың біркелкі таралуы үшін машинканы өшіріңіз
де, олардың біркелкі жүрісін тексеріңіз. Шыққан майды сүртіп алыңыз.
Майлау үшін шашқа арналған майды, тоңмайларды және керосин немесе басқа еріткіштер қосылған
майларды қолдануға болмайды.
Машинканы өшіріңіз де, электр желісінен ағытыңыз.
Жүздерін алып шығыңыз, бұл үшін:
-
Машинканы логотипін жоғары қаратып ұстаңыз.
-
Саусағыңызды корпусының бойымен алға жылжыта отырып, жүздерінің үстінен басыңыз, сонда
олар ағытылады.
Жүздері мен машинканы қоса берілетін шөткенің көмегімен шаштан тазартыңыз.
Корпусын құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жүздерін майлаңыз да, машинкаңызға орнатыңыз. Жүздерін орнату үшін оларды орнына салыңыз
да, сырт еткенше басыңыз.
САҚТАЛУЫ
Машинканы құрғақ жерде сақтау керек.
Жүздерін міндетті түрде майлап қою керек.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік
және электрондық бұйымдар мен батарейкалар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы
керек дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Summary of Contents for SC-HC63050
Page 3: ...IM021 www scarlett ru SC HC63050 3 1 220 240V 50 Hz ll 3 W 0 208 0 307 kg mm 50 50 190...
Page 6: ...IM021 www scarlett ru SC HC63050 6 0 C 2 XX XXXX XX XXXX 14 7 50 1 1 6 6 6 17 1...
Page 7: ...IM021 www scarlett ru SC HC63050 7 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2...
Page 8: ...IM021 www scarlett ru SC HC63050 8 XX XXXX XX XXXX 14 7 50 1 1 6 6 6 17 1...
Page 9: ...IM021 www scarlett ru SC HC63050 9 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX...
Page 10: ...IM021 www scarlett ru SC HC63050 10 XX XXXX XX XXXX 14 7 50 1 6 1 6 17 6 1...