IM018
www.scarlett.ru
SC-JB146G03
8
Қуат көзіне қосу сымына зақым келген аспапты пайдаланбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Ақаулықтар пайда болған жағдайда Сервис
орталығына хабарласыңыз.
Қуат көзіне қосу сымы өткір жиектер мен ыстық заттарға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
Қуат көзіне қосу сымын тартқыламаңыз, ширатпаңыз және ешқандай затқа оны орамаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Саптамаларды қосудан өшіру батырмасын басып, саптаманы шешіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Аспапты асыра толтыруға немесе азық-түліксіз пайдалануға тыйым салынады. Үздіксіз жұмыс
істеуге рұқсат етілген уақыттан асырып жібермеңіз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
ЕСКЕРІМ:
блендер шарасының көлемі бірнеше бірлікпен өлшенеді – литр (LITRE) және шара (CUPS).
Ең алғаш рет пайдаланар алдында барлық алмалы бөліктерді жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз да,
әбден құрғатыңыз. Қозғалтқыш бөліктің сыртын сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға батыруға және оны сумен жууға тыйым салынады.
Блендерді тегіс, құрғақ беткі қабатқа орнатыңыз.
Блендердің ыдысын моторлы бөлікке қойып. Ыдыстың дұрыс орналасқандығына және ойығында тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Блендердің шарасына өңдеуге арналған құрамдас өнімдерді салыңыз. Шарада орналасқан ең үлкен деңгейді
білдіретін белгісінен асырмаңыз.
Қақпақты шараның үстіне орнатыңыз. Қақпақтың мықтап орныққанына көз жеткізіңіз.
ЖҰМЫСЫ
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін, сан
алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
Жұмыс барысында азық-түлікті қосу үшін, қақпақты ашпай, ондағы саңылауды пайдаланыңыз. Мөлдік
қалпақты сағат тілінің бойымен бұрап, шығарып алыңыз.
Мөлдік қалпақтың унция және миллиметр бірлігіндегі шкалалары бар, сондықтан оны өлшеуіш стақан ретінде
де пайдалануға болады.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Жылдамдықты ауыстырып-қосқыштың көмегімен жұмыс режимін орнатыңыз: “1” – төмен немесе “2” – жоғары
жылдамдық. Ауыстырып-қосқыш «0» қалпына ауысқанша блендер үздіксіз жұмыс істей астайды.
Құрамдас өнімдерді шараның қақпағында орналасқан шағын ойық арқылы қосуға болады. Бұл үшін қақпақтан
итергішті шығарып алыңыз.
Қалақшаның көмегімен жұмыс барысында қақпақты ашпастан құрамдас өнімдерді араластыруға болады.
Қажетті нәтижеге жеткеннен кейін немесе шара ең үлкен деңгейдің белгішесіне дейін толғанда, режимдерді
ауыстырып-қосқышты «0» қалпына ауыстыру рқылы аспапты сөндіріңіз де, аспапты электр желісінен
ажыратыңыз.
Қозғалып тұрған пышақтар тоқтағаннан кейін шараны қозғалтқыш бөліктен алыңыз да, ішіндегісін басқа
ыдысқа аударып салыңыз.
ИМПУЛЬСТІК РЕЖИМ (ICE/PULSE )
Қосқышты «P» қалпын ауыстырыңыз да, ұстап тұрыңыз, қосқыш осы қалыпта тұрған уақыт бойы блендер
жұмыс істеп тұра береді.
Жылдамдықтарды ауыстырып-қосқышты «0» қалпына қойыңыз.
ЕСКЕРТУ:
аспаптың асқын қызып кетуіне жол бермеу үшін үздіксіз жұмыс уақыты 3 минуттан аспауға
тиіс. Содан кейін аспап сууы үшін жұмыста біраз уақыт үзіліс жасау керек.
Блендер жұмыс істеп тұрған кезде кез келген керек-жарақты ағытып алуға тыйым салынады.
МҰЗ ҰСАҚТАУ
Импульстік режимді мұз ұсақтау үшін пайдалануға болады.
Мұздың ірі кесектерін блендердің шарасына салыңыз да, аздап су құйыңыз, бұл мұздың үгітілмеуі үшін қажет.
Жылдамдықтарды ауыстырып-қосқышты «P» қалпына қойыңыз.
Мұз кесектері керекті мөлшерге дейін ұсатылғанда, блендерді өшіріңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де, оны электр желісінен ажыратыңыз.
Ыдысты сағат тілінің бойымен бұрап, шығарып алыңыз да, ағын судың астында жуыңыз.
Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-салмалы бөлшектерді сабынды жылы сумен жуыңыз да,
құрғақ таза сүлгімен сүртіңіз. Бұл үшін ыдыс-аяқ жуатын машинаны қолданбаңыз.
Қаптаманы жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз.
Қатқыл жөке, қырғыш және күшті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
Сақтап қояр алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ бөліміндегі талаптарды орындаңыз.
Аспапты құрғақ таза жерде сақтаңыз.