57
KZ
алмасаңыз, дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
ˎ
Гарнитура немесе құлаққаптарды, теріңізге ыңғайсыздық
тудырса, пайдаланбаңыз. Егер гарнитура немесе
құлаққаптарды теріңізге ыңғайсыздық тудырса,
пайдалануды дереу тоқтаңыз. Егер ауру белгілері
пайдалануды тоқтатқаннан кейінде жоғалмаса,
медициналық көмек алыңыз.
ˎ
Гарнитураны немесе құлақаспапты өте құрғақ ауа
жағдайларында қолданғанда, кейде құлағыңызды әлсіз
әрі жылдам (статикалық) ток соғуы мүмкін. Бұл –
статикалық электр тогының денеде жинақталуының
нәтижесі және гарнитураның немесе құлақаспаптың
ақауы емес.
Сақтау жағдайлары
ˎ
Жүйені, батареяны немесе қосымша жабдықтарды
жоғары температураның, жоғары ылғалдықтың немесе
тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшыратпаңыз.
ˎ
Жүйені ас үй немесе шаш кептіргіш сияқты қыздыру
жабдығымен қыздырмаңыз. От шығу, жарақаттану қаупі
бар немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
ˎ
Жүйені немесе қосымша жабдықтарды тегіс емес, қиғаш
немесе дірілдейтін жерлерге орнатпаңыз.
USB құрылғысы туралы
Экранда «An unknown USB device has been connected
(Белгісіз USB құрылғысы қосылды)» хабарламасы шықса, ол
келесі себептердің бірінен болуы мүмкін:
ˎ
Қосулы USB құрылғысы жүйемен үйлесімді емес.
ˎ
Қосулы USB құрылғысы тек кейбір бағдарламалық
қамтымдармен үйлесімді.
ˎ
USB концентраторына бірнеше USB құрылғылары
қосылған.
DUALSHOCK
®
4 сымсыз басқару құралын
пайдаланғандағы қауіпсіздік техникасының
ережелері*
ˎ
Бүлінген немесе ағып кеткен литий-ионды батареяларды
ұстамаңыз. Егер ішкі батарея сұйықтығы ағып кетсе,
өнімді пайдалануды дереу тоқтатып, көмек алу үшін
техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер сұйықтық киіміңізге, теріңізге немесе көздеріңізге
тиген болса, сол тиген аймақты дереу таза сумен шайып,
дәрігерге көрініңіз. Батарея сұйықтығы соқыр болу қаупін
тудырады.
ˎ
Сүйек, буын немесе қол бұлшық ет ауру белгілері
болса немесе жарақаттанса, дірілдеу функциясын
пайдаланбаңыз. Егер де сізде ауру белгілері бар болса
немесе жарақат алған болсаңыз, діріл функциясы бар
бағдарламалық жазбаларды ойнату үшін, діріл
функциясы өшірілмейінше, сымсыз басқару құралын
пайдаланбаңыз.
ˎ
Діріл функциясын функция экранындағы
(Settings)
(Параметрлер) мәзірінде қосуға және өшіруге болады.
ˎ
Сымсыз басқару құралының жылжу датчигін пайдаланған
кезде, келесі сақтық шараларын сақтаған жөн. Егер де
басқару құралы айналасындағы адамдармен немесе
заттармен соқтығысса, бұл адамның жарақат алуына
және жабдықтың зақымдануына әкелуі мүмкін.
– Қимыл қадағасын пайдалану алдында, айналаңызда
жеткілікті бос орын бар екендігіне көз жеткізіңіз.
– Сіздің қолыңыздан шығып, жарақат немесе зақым
келтіруіне жол бермеу үшін сымсыз басқару құралын
қатты ұстаңыз.
– Сымсыз басқару құралын USB кабелімен пайдаланған
кезде, кабельдің адаммен немесе затпен
қақтығыспайтынына көз жеткізіңіз және ойнағанда
кабельді PS4™ жүйесінен шығарып алмаңыз.
13819 SONY PS4 C_Chassis_RUS SG_KZ.indd 57
15/05/2015 15:17