126
KZ
SUPREME MIL CC, SUPREME MIL AUX
ӨНІМ ҚАТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
КІРІСПЕ
Өнімдер зиянды шудан қорғау және есту мүшесін қорғау құралдарының төмендегідей модельдері
бар: Supreme MIL CC-1, Supreme MIL AUX-1 (бас баулы), Supreme MIL CC-2, Supreme MIL AUX-2
(шлемге орнатылатын), Supreme MIL CC-3, Supreme MIL AUX-3 (жіңішке бас баулы) және Supreme
MIL CC-4, Supreme MIL AUX-4 (мойын баулы). Барлық модель сыртқы дыбыс шығаруға арналған
электроникамен жабдықталған. Сыртқа орнатылған екі микрофон сыртқы дыбысты қабылдайды
(А суреті). Есту мүшесін қорғау құралының ішіндегі динамиктер дыбысты стерео етіп шығарады.
Есту мүшесін зақымдамау үшін дыбыс жаңғырту ең көбі 82 дБ(А) мәнімен шектеледі.
ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІК ЖӘНЕ РҰҚСАТТАР
Өнім II Қосымшада көрсетілген денсаулық пен еңбек қауіпсіздігі бойынша талаптарға сәйкес
келеді және 2016/425 ЖҚҚ Регламентінің (ЕО) VIII Қосымшасында көрсетілген өндіріс процесінің D
сапа кепілдігі модуліне сәйкес келеді. CE белгілері EN 352-1:2002 және EN 352-3:2002; EN 352-4:2001/
A1:2005 және EN 352-6:2002 стандарттарына сәйкес келеді. Өнімдер BSI (NB 2797), Say Building,
John M. Keynesplein 9, 1066 EP Амстердам, Нидерланды мекенжайында орналасқан BSI Group The
Netherlands B.V. компаниясы ұсынған B және D модульдеріне сәйкес мақұлданған.
Барлық өнімдер EMC директивасына сәйкес 2014/30/EU бойынша сыналған және мақұлданған.
Қосымша ақпаратты және ЕС сәйкестік декларациясының толық мәтінін мына веб-мекенжайдан
алуға болады: www.sordin.com; Supreme MIL CC деп іздеңіз. Ескертпе! Барлық модельдер барлық
елдерде болмауы мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК
Жалпы қауіпсіздік
ЕСКЕРТУ:
• Осы нұсқаулықты пайдаланыңыз және сақтап қойыңыз.
• Егер сіз осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды орындамасаңыз, өнімнің шуды басу
мүмкіндігі қатты нашарлайды.
• Тағушы есту мүшесін қорғау құралдарының барлық моделі үшін төмендегілерді тексеріп алуы
қажет:
- құлаққаптар берілген нұсқаулыққа сәйкес дұрыс киілу, реттелу және пайдалану керек.
- шулы ортада құлаққаптарды әрқашан кию керек.
- құлаққаптардың жарамдылығының үнемі тексерілгеніне көз жеткізуі керек
• Құлаққаптың шуды басу деңгейін реттеп отыруға болады. Пайдаланушы құрылғыны кимес
бұрын, жұмыстың дұрыстығын тексеруі керек. Қандай да бір өзгерістер немесе ақаулар туын-
даған жағдайда, пайдаланушы өндірушінің пайдалану және батареяны ауыстыру бойынша нұс-
қаулығына жүгінуі керек.
• Батареяны пайдаланған сайын оның жұмыс істеу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін. Құлаққап бата-
реясының әдеттегі үздіксіз пайдалану кезеңі пайдалану режиміне және дыбыс қаттылығына
тәуелді. Сыртқы ортада және дыбыстың шығу деңгейі орташа болған жағдайда, әдеттегі қолдану
мерзімі 600 сағат болады.
• Бұл құлаққаптың шығыс деңгейіне тәуелді тізбегі сыртқы дыбыс деңгейінен асып кетуі мүмкін.
• Есту мүшесін қорғау құралы электр дыбыс кірісімен қамтамасыз етілген. Пайдаланушы
құрылғыны кимес бұрын, жұмыстың дұрыстығын тексеруі керек. Егер бұрмалану немесе ақау
анықталса, тағушы техникалық қызмет көрсету үшін өндірушінің кеңесіне жүгінуі керек.
• Бұл есту мүшесін қорғау құралының электрлік аудио тізбегінің шығысы дыбыс деңгейінің бір
күндік шегінен асуы мүмкін.
• Бұл өнімге кейбір химиялық заттар әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпаратты өндірушіден алуға
болады.
• Өнімді тұрақты түрде тазалап отырыңыз. Ол үшін сабынды суға батырылған матаны қолданыңыз.
Жумаңыз немесе суға толық батырмаңыз.
Summary of Contents for SUPREME MIL AUX
Page 1: ...SUPREME MIL CC SUPREME MIL AUX...
Page 2: ...2 A C E E1 E2 B B1 D...
Page 3: ...3 F G H G1 F2 F3 F1 G2...
Page 140: ...WWW SORDIN COM PM289 00...