127
• Құлаққаптар, соның ішінде жастықшалар қолданылған сайын тозуы мүмкін; сондықтан, шыты-
нағанын және тесілгенін білу үшін жиі тексеріліп тұруы тиіс.
• Жастықшалардың гигиеналық қақпақтарын тағу есту мүшесін қорғау құралдарының акусти-
калық тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
• Өнімді + 55°C-тан жоғары және -20°C-тан төмен температурада сақтамаңыз.
• Өнімді тек -20°C және +55°C температура аралығында қолданыңыз.
• Тасымалдау және пайдалану кезінде өнімнің зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құлаққапты шлемге жақындатпаңыз, себебі бұл шлемнің бүйірлерінде сызаттар қалдыруы
мүмкін.
• Өнімдегі бөлшектерді өзгертпеңіз немесе алып тастамаңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілген
өзгеріс терді ғана енгізіңіз. Барлық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары мақұлданған сервис
орталықтарында жүргізілуі керек.
• Тек Sordin түпнұсқа қосалқы бөлшектерін қолданыңыз.
• Есту мүшесін қорғау құралын қаптамада көрсетілген өндірілген күнінен бастап 10 жылдан артық
пайдаланбаңыз.
• Өнімді ұлттық заңнамаға сәйкес тастаңыз.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛАРЫ
Есту мүшесін қорғау құралын іске қосу/батарея салу/ауыстыру (C суреті)
Есту мүшесін қорғау құралына екі стандартты сілтілі 1,5 В AAA/LR03 батареясы қажет. Заряд-
талмалы батареяларды, мысалы, NiMH 1,2 В немесе NiCd 1,2 В батареяларды қолдануға болмайды,
себебі олар өнімнің жұмыс уақытын едәуір қысқартады. Батареялар ылғал мен кірден бірегей
батарея бөлімінде қорғалған. Нұсқауларды орындау арқылы батареяларды оңай орнатуға және
ауыстыруға болады (C суреті): Батарея қақпағының бұрандасын алыңыз. Бірінші батареяны (–)
полюсін ішке қаратып салыңыз. Құлаққапты аздап шайқаңыз, сонда батарея құлаққаптың ішіне
дұрыс түседі. Содан кейін екінші батареяны (+) полюсі ішке қаратып салыңыз. Батарея қақпағын
орнына салыңыз. Ескертпе! Батареяларды ауыстырар алдында, өнімді әрқашан сөндіріп қойы-
ңыз. Батарея полюстерінің дұрыс салынғанына көз жеткізіп, батарея қақпағының толық қатай-
тылғанына көз жеткізіңіз.
ФУНКЦИЯЛЫҚ ПЕРНЕЛЕР (D суреті)
Қосу және өшіру, (O)
Электрондық функцияларды іске қосу үшін (O) пернесін басыңыз. Өшіру үшін сол пернені (O) 1
секунд басып тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу, (+/-)
Дыбыс деңгейі пернелерін қысқаша басу арқылы сыртқы дыбыс деңгейін, яғни, төмен (–) немесе
жоғары (+) деңгейлерді реттейді. Дыбыс деңгейі құрылғы өшірілген кездегі күйінде қалады. Дыбыс
деңгейін бес қадаммен реттеуге болады. Өнімнің дыбыс жаңғырту жүйесінен шығатын сигнал
күші есту мүшесін зақымдайтын белгілі бір қауіп деңгейлеріне жетпейді. Динамиктерден шығатын
дыбыс 82 дБ(А) деңгейінен аспайды.
Батарея үнемдеу режимі
Бұл өнімнің батарея үнемдеу функциясы батареялардың максималды қызмет ету мерзімін
қамтамасыз етеді. Егер 4 сағат ішінде ешқандай перне басылмаса, функция өнімді автоматты түрде
өшіреді. Қайта қосу үшін пернетақтаның (O) ортасында орналасқан пернені басыңыз. Автоматты
түрде өшіруден шамамен 2 минут бұрын өнімнің өшірілетіні туралы ескертетін дыбыс шығады.
Өшіруді 4 сағатқа кейінге қалдыру үшін кез келген пернені басыңыз.
БАС БАУЛЫ SUPREME MIL CC-1/AUX-1 ЖӘНЕ ЖІҢІШКЕ БАС БАУЛЫ MIL CC-3/
AUX-3
Есту мүшесін қорғау құралын бүктеу – Бас бау нұсқасы (E суреті)
Бас бауын мүмкіндігінше созыңыз. Содан кейін бас бауының жоғарғы жағын басып, есту мүшесін
қорғау құралдарын біріктіріңіз (E1 суреті). Жастықшалардың бір-біріне тегіс жатқанына және
оларда қыртыстардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Ескертпе! Есту мүшесін қорғау құралдарын бұл
позицияларда сақтамаңыз.
Summary of Contents for SUPREME MIL AUX
Page 1: ...SUPREME MIL CC SUPREME MIL AUX...
Page 2: ...2 A C E E1 E2 B B1 D...
Page 3: ...3 F G H G1 F2 F3 F1 G2...
Page 140: ...WWW SORDIN COM PM289 00...