128
Есту мүшесін қорғау құралын бүктеу - Жіңішке бас бау нұсқасы (F суреті)
Бүктеу үшін тостақтар параллель болғанша екеуін бір бағытқа бұраңыз. Тостақты басқа тостақтың
үстіне тығыздағыш сақинамен жоғары қарай жылжытыңыз. Содан кейін оларды бас бауының
ішіне қарай бұраңыз (F1 суреті).
Пайдалану және кигізу – Бас бау нұсқасы (E2 суреті) және жіңішке бас бау нұсқасы (F2, F3
суреттері)
Артық шашты жастықшалардың астынан мүмкіндігінше қолыңызбен артқа қарай тараңыз. Тиім-
ділікті жақсарту үшін жастықшалар басқа тығыз тиіп тұруы керек, респиратордың бас баулары
немесе көзілдірік жақтауы сияқты заттардан кедергі болмасын. Басыңызға бас бауын қойып,
құлаққапты құлақтарды толық жабатындай етіп орналастырыңыз. Құлаққаптарды бас бауының
жоғарғы немесе төменгі жағына қойып, ыңғайлы етіп орнатуға болады (E2 суреті). Жіңішке бас
бауы нұсқасы үшін сол және оң жақ құлаққаптағы артқы және алдыңғы құлыптау гайкаларын
босатыңыз. Ұзындығын реттеп, бекітетін гайкаларды қатайтыңыз (F2 және F3 суреттері). Бұл
қауіпсіздік талабы мына өлшемдерге сәйкес келеді:
S M L
МОЙЫН БАУЛЫ SUPREME MIL CC-4/AUX-4
Пайдалану және кигізу (E2 суреті)
Supreme MIL CC-4 бастың артқы жағына тағылады. Артық шашты жастықшалардың астынан
мүмкіндігінше қолыңызбен артқа қарай тараңыз. Мойын бауын бастың артына жіберіп, құлақтарды
толық жабу үшін құлаққаптарды орналастырыңыз. Тиімділікті жақсарту үшін жастықшалар басқа
тығыз тиіп тұруы керек, респиратордың бас баулары немесе көзілдірік жақтауы сияқты заттардан
кедергі болмасын. Есту мүшесін қорғау құралы түсіп кетпеу үшін торды бастың үстіне орнатыңыз.
Бұл қауіпсіздік талабы мына өлшемдерге сәйкес келеді:
S
Ескертпе! Торды қатты тартпаңыз, себебі ол жастықшалардың тығыздығына әсер етеді, тор тек
есту мүшесін қорғау құралын орнында ұстайды, есту мүшесін қорғау құралын жоғары тартпайды.
ШЛЕМГЕ ОРНАТЫЛАТЫН SUPREME MIL CC-2/AUX-2
Пайдалану және кигізу (G суреті)
Шлемге орнатылатын нұсқаны ARC бағыттауышына бекіту үшін артқы тақтаны қақпақпен
бірге шлемдегі бағыттауышқа қарай сырғытыңыз. Мұны екі жағынан да істеуге болады. Артқы
тақтаны бағыттауыштың ортасына келтіріп, ыңғайлы және тиімді жұмыс істеуі үшін құлақтарды
жабыңыз (G1 суреті). Биіктігін реттеу үшін сол және оң жақ құлаққаптағы артқы және алдыңғы
бекіту гайкаларын босатыңыз. Бекіту гайкаларын дұрыс биіктікте орнатқаннан кейін, сол және оң
жағынан қайтадан бұрап бекітіңіз (G2 суреті).
Артық шашты жастықшалардың астынан мүмкіндігінше қолыңызбен артқа қарай тараңыз.
Тиімділікті жақсарту үшін жастықшалар басқа тығыз тиіп тұруы керек, респиратордың бас
баулары немесе көзілдірік жақтауы сияқты заттардан кедергі болмасын. Шлем баста тұрғанда,
құлаққаптарды құлақтар толық жабылатындай етіп орналастырыңыз. Құлаққаптарды ашаның
жоғарғы немесе төменгі жағына қойып, ыңғайлы етіп реттеуге болады. Бұл қауіпсіздік талабы
мына өлшемдерге сәйкес келеді:
L
БАРЛЫҚ НҰСҚАЛАР
Күшейту
Екі жоғарғы дыбыс деңгейінде есту мүшесін қорғау құралдары сыртқы дыбысты күшейтеді.
Батарея ескертуі
Батарея мерзімінің аяқталуына шамамен 40 сағат қалғанда, үнбелгі естіледі. Электрониканы
қосуға байланысты батарея туралы ескерту 10 секундтан кейін естіледі.
Жалғау
Supreme MIL CC модельдерінде сыртқы акустика көзін, мысалы, байланыс радиосын, аңшылық
рация немесе мобильді телефон жалғауға арналған тұрақты сым мен адаптер бар. Supreme MIL
AUX модельдерін 3,5 мм аудио кабелі (керек-жарақ ретінде тапсырыспен алуға болады, бөлшек
№ 60121-R) арқылы сыртқы акустика көзіне жалғауға болады. Оның дұрыс жалғанғанын тексеру
үшін сыртқы аудио жабдықтың пайдалану нұсқаулығын қараңыз. Өнімнің кедергісі — 32 Ом.
Күрделі зақымдануды болдырмау үшін, тізбек 5 вольттан жоғары сигналға әсер етпеуі керек. Егер
дыбыстық сигнал деңгейі: 137 мВ/орт.кв. мәнінен (орташа квадрат мәні = сигнал күшінің орташа
квадраты) аспаса, есту мүшесін қорғау құралының ішіндегі дыбыс қысымының деңгейі 82 дБ(А)
өлшемінен аспайды. Ескертпе! Толық ақпаратты 5-кестеден қараңыз.
Summary of Contents for SUPREME MIL AUX
Page 1: ...SUPREME MIL CC SUPREME MIL AUX...
Page 2: ...2 A C E E1 E2 B B1 D...
Page 3: ...3 F G H G1 F2 F3 F1 G2...
Page 140: ...WWW SORDIN COM PM289 00...