129
Сырықты микрофон (H суреті) (тек Supreme MIL CC модельдері үшін)
Есту мүшесін қорғау құралы реттелетін электрет микрофонмен жабдықталған. Бұл микрофон
артық шуды сүзеді де, шулы ортада да дауыстың жақсы қабылдануына жағдай жасайды.
Ескертпе! Шуды жақсы басу үшін микрофонның басы аузыңызға жақын, ерніңізден шамамен 2-5
мм қашықтықта тұруы маңызды. Желдің шуылынан болған кедергіні болдырмау үшін жинақта
берілген желқағарды қолданған жөн.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ:
Жумаңыз немесе суға толық батырмаңыз.
Өнімді жүейлі түрде тазалап отырыңыз. Сабынмен суланған шүберекті қолданыңыз және мұқият
құрғатыңыз.
Әр қолданар алдында тығыздағыш сақиналар мен поролоннан жасалған астарларды тексеріңіз.
Нығыздауыш сақиналарды және кеуек резеңкелі астарды 6 айда бір рет немесе қажетінше
жиірек ауыстырыңыз. Қосымша бөлшектерді қолданыңыз (8-сурет және 3-кесте). Гигиеналық
жиынтықтарды ауыстыру туралы ақпарат алу үшін 8 суретті қараңыз. Тапсырыс беру туралы
ақпарат алу үшін www.sordin.com сайтына кіріңіз.
Ұзақ уақыт қолданылған жағдайда, есту мүшесін қорғау манжеттерінің ішінде ылғал пайда болуы
мүмкін. Электрондық компоненттерге ылғал ұзақ уақыт әсер етпесін десеңіз, манжеттерді кептіру
үшін акустикалық салмаларды үнемі, мысалы, түнгі уақытта алып қойған жөн. (B және B1 суреттері).
Жастықша және салманы алып тастаған кезде, электрондық тақтаға немесе кабельдерге қол
тигізбеңіз. Кабель орындарының өзгеруі жүйенің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Есту мүшесін
қорғау құралын қатты қысып ұстамаңыз, электрондық бөлшектер зақымдануы мүмкін.
ТАСЫМАЛДАУ, САҚТАУ ЖӘНЕ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Тасымалдау және сақтау
Есту мүшесін қорғау құралы қолданылмаған кезде, бас бауын немесе мойын бауын ұзартуға
немесе жастықшаларды қысуға болмайды. Манжеттерді құрғақ әрі таза күйде және оларды
қалыпты бөлме температурасында ұстаңыз. Есту мүшесін қорғау құралының күн сәулесінің
астында қалуына жол бермеңіз. Егер өнім ұзақ уақыт сақталатын болса, зақымданудың алдын алу
үшін батареяларды камерасынан алып тастаған жөн.
ЕСКЕРТУ! Егер есту мүшесін қорғау құралдарына арналған жоғарыдағы ұсыныстар орындалмаса,
шуды басу қабілеті айтарлықтай нашарлауы мүмкін.
Тастау
Өнімді жою туралы ұлттық ережелерді сақтаңыз.
КЕЙБІР АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ/ҚҰРЫЛҒЫҒА КҮТІМ ЖАСАУ
Егер электрондық жүйе істемей қалса, мәселені анықтау оңай болуы мүмкін. Төмендегілерді тек-
серіңіз:
• Батареяларды жаңаларымен ауыстырыңыз.
• Батареялардың есту мүшесін қорғау құралына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
• Батарея тақталарының батареяларға жақсы тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Батарея тақталарының тоттанып кетпегеніне көз жеткізіңіз.
Егер бұл шаралар көмектеспесе, сату нүктесінен кеңес алыңыз.
ҚОСАЛҚЫ ЖАБДЫҚТАР
Мақұлданған өлшемдер (Supreme MIL CC-1/AUX-1 және Supreme MIL CC-3/
AUX-3)
Бас құлаққабының өлшемдері: Кіші-Орташа-Үлкен.
Мақұлданған өлшемдер (Supreme MIL CC-4/AUX-4)
Бас құлаққабының өлшемдері: Кіші.
Мақұлданған өлшемдер (Supreme MIL CC-2/AUX-2)
Бұл құлаққаптар 2-кестеде көрсетілгендей өндірістік қауіпсіздік шлемдерімен жабдықталып,
қолданылуы керек. Адаптер түрінің нөмірі адаптерде көрсетілген. Бекітілген шлем түрлерінің
жаңартылған тізімін www.sordin.com сайтынан табуға болады.
Summary of Contents for SUPREME MIL AUX
Page 1: ...SUPREME MIL CC SUPREME MIL AUX...
Page 2: ...2 A C E E1 E2 B B1 D...
Page 3: ...3 F G H G1 F2 F3 F1 G2...
Page 140: ...WWW SORDIN COM PM289 00...