215
214
–
Дымқыл шүберекпен немесе губкамен тазалаңыз.
–
Құрылғыны ешқашан суға батырмаңыз немесе ағып
жатқан судың астына қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ: бұл құрылғыны дұрыс пайдаланбасаңыз,
жарақат алу қауіптері туындайды.
Шәйнекті ас суын қайнату үшін ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: пайдаланудан кейін қыздыру элементінің
бетінде қалдық жылу болады.
Қызған кезінде толығымен салқындағанша тек тұтқасынан
ұстаңыз.
Құрылғы теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктен төмен, үйдің
ішінде ғана пайдалануға арналған.
1000 м биіктігінен төмен өнімді пайдалану үшін алдын
ала таңдалған температуралар берілген. Бұл биіктіктен
жоғары өнімде бағдарламаның соңында көрсетілетін
максималды температура пайдалану биіктігіне сай қайнау
температурасы болады.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін бұл құрал тиісті стандарттар мен ережелерге сәйкес
келеді )төмен кернеу, электрмагниттік сәйкестік, азық-түлікпен қатынаста болатын
материалдар, қоршаған орта, т.б. қатысты директивалар(.
Құралды тек жерге тұйықталған ток көзіне қосыңыз. Құралдың техникалық
сипаттамасында көрсетілген кернеудің электр көзінің кернеуіне сәйкес келетінін
тексеріңіз.
Нұсқаудан тыс жолдармен қосу кепілін жояды.
Таты тазаланбағандықтан бүлінген шәйнекке кепіл берілмейді.
Қуат сымын балалардың қолы жететін жерге қалдырмаңыз.
Құралды қуат сымынан тартып өшірмеңіз.
Тұтынушы тарапынан орындалатын қалыпты тазалау және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарынан басқа кез келген әрекеттерді бекітілген қызмет көрсету
орталығы орындауы қажет.
Барлық құралдар қатаң сапа тексерісінен өтеді. Онда кездейсоқ таңдалған
құралдарға сынақтар жасалады, олар қолданыс салдарын түсіндіреді.
Тазалау үшін қырғыш жөкелерді қолданбаңыз.
Қақтың түзілуіне кедергі жасайтын сүзгіні алу үшін шәйнекті негізден алыңыз, оны
суытыңыз. Ыстық суға толы шәйнектен ешқашан сүзгіні алмаңыз.
Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай әдістермен кетірмеңіз.
Шәйнек пен оның қуат сымын жылу көздерінен, су немесе сырғанақ беттер мен өткір
қырлы жерлерден алшақ ұстаңыз.
Құралды жуынатын бөлмеде және су көзінің жанында пайдаланбаңыз.
Қолыңыз немесе аяғыңыз су болса, шәйнекті қолданбаңыз.
Жұмысында әдеттен тыс белгілер байқалса, қуат сымын бірден ажыратыңыз.
Розеткадан суырғанда, қуат сымынан тартпаңыз.
Құрал қосылып тұрғанда, абай болыңыз. Әсіресе шүмектен шығатын ыстық будан
байқаңыз.
Қуат сымын еш уақытта үстелден салбыратып қоймаңыз: еденге құлап түсу қаупі бар.
Су қайнап жатқанда, сүзгіні және қақпақты ұстамаңыз.
Істеп тұрғанда, шәйнекті жылжытпаңыз.
Құралды ылғалды және аяз жерде ұстамаңыз.
Суды қыздырғанда, сүзгіні міндетті түрде салыңыз.
Бос шәйнекті қыздыруға болмайды.
Шәйнекті және оның қуат сымын тұрақты, жылуға және суға төзімді бетке қойыңыз.
Кепілдік тек өндірістік ақаулар мен үйдегі қолданыс үшін жарайды. Осы пайдалану
нұсқауларын орындамағаннан болған бұзылу және зақымдалу жағдайларына
кепілдік жүрмейді.
ПАЙДАЛАНУ
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
1. Ораманың барлық элементтерін, ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы керек-жарақтарды
және жапсырмаларды алып тастаңыз.
2. Баусымның ұзындығын реттеңіз, қалғанын үйкек астына орап қойыңыз. Сымды
ойыққа кіргізіңіз.
(1-сур.)
Қолдануды бастамас бұрын шәйнекте суды екі-үш рет қайнатып, суды төгіп тастаңыз,
өйткені онда шаң-тозаңның бөлшектері болуы мүмкін. Шәйнекті шайыңыз.
1. ҚАҚПАҚТЫ АШУ ҮШІН (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
–
Құлыптау жүйесін бассаңыз, қақпақ автоматты түрде көтеріледі.
(2-сур.)
Жабу үшін қақпақты төмен қарай қатты басыңыз.
2. ҮЙКЕКТІ ТЕГІС, ТҰРАҚТЫ, ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ, СУ ШАШЫРАМАЙТЫН ЖӘНЕ
ЖЫЛУ КӨЗДЕРІНЕН АЛШАҚ БЕТКЕ ҚОЙЫҢЫЗ.
Шәйнекті тек қамтамасыз етілген негізбен бірге пайдалану керек.
3. ШӘЙНЕКТІ ҚАЛАҒАН СУ МӨЛШЕРІМЕН ТОЛТЫРЫҢЫЗ.
(3-сур.)
Үйкекте тұрған шәйнекті ешқашан толтырмаңыз.
Шәйнектегі судың деңгейі ең жоғарғы таңбадан аспауы, ең аз таңбадан төмен
болмауы қажет. Егер шәйнек толып кетсе, қайнап жатқан су шәйнек жиегінен төгілуі
мүмкін.
Шәйнекті сусыз қоспаңыз.
Шәйнекті қоспас бұрын, қақпақтың жабық екендігіне көз жеткізіңіз.
4. ШӘЙНЕКТІ ҮЙКЕГІНЕ ҚОЙЫҢЫЗ. РОЗЕТКАҒА ҚОСЫҢЫЗ.
5. ШӘЙНЕКТІ ІСКЕ ҚОСУ
Шәйнекті негізге қойғанда барлық шамдар жанады. Шәйнектегі су температурасы
экранда көрсетіледі.
СУДЫ ЖЫЛЫТУ ҮШІН:
2 опция:
Егер сіз қайнату бағдарламасын бастағыңыз келсе,
түймесін басыңыз, 100° 4
рет жыпылықтап, ұзақ дыбыстық сигнал естіледі. Содан кейін шайнек судың нақты
температурасын көрсетіп, суды ысыта бастайды.
Егер сіз температураны таңдағыңыз келсе, 5 мүмкін параметр: 40°C – 70°C – 80°C –
90°C – 100°C – таңдайтын қажетті температура көрсетілгенше пернесін басыңыз.
Таңдалған температура 4 рет жыпылықтап, ұзақ дыбыстық сигнал естіледі. Содан
кейін шайнек судың нақты температурасын көрсетіп, суды ысыта бастайды.
Экранда судың нақты уақыттағы температурасын бақылауға болады.
Таңдалған температураға жеткеннен кейін шәйнек екі рет дыбыстық сигнал шығарады
және жылытуды тоқтатады.
ЖЫЛЫ ҰСТАУ РЕЖИМІ
Жылы ұстау режимін суды таңдалған температурада 30 минут бойы ұстау үшін
пайдалануға болады.
Температура таңдалғаннан кейін түймесін ұзақ басу жылы ұстау режимін
белсендіреді.
KK
Summary of Contents for KO6931
Page 30: ...51 50 8 8 8 EL 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 30...
Page 31: ...53 52 1000 1 2 2 3 3 4 5 2 100 4 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 30 2 2 30 30 1 2 1 1000 EL...
Page 33: ...56 2012 19 E WEEE E0 E1 E3 1...
Page 42: ...73 72 1 2 1 1 2 2 3 3 4 5 2 100 C 4 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 30 30 1000 1000 1000 ZH...
Page 44: ...77 76 8 8 8 1000m KO 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 100 C 30...
Page 47: ...83 82 8 8 8 1 000 1 000 TH 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 30...
Page 48: ...85 84 1 2 2 3 3 4 5 2 100 4 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 2 30 2 2 30 1 2 1 TH...
Page 50: ...89 88 2012 19 EU WEEE 8 8 8 AR 80 70 40 5 100 90 30...
Page 51: ...91 90 1000 1000 AR...
Page 53: ...95 94 15 15 25 6 5 WEEE 2012 19 EU E0 E1 E3 AR...
Page 54: ...97 96 FA C 100 C 90 C 80 C 70 C 40 Keep Warm...
Page 56: ...101 100 15 10 1 15 25 6 5 C 40 C 70 C 80 C 90 C 100 6 15 TEFAL FA...
Page 61: ...111 110 8 8 8 RU 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 30...
Page 62: ...113 112 1000 1000 1 2 1 1 2 2 3 3 4 5 2 4 100 C 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 RU...
Page 64: ...117 116 2012 19 UE WEEE E0 E1 E3 1 RU...
Page 65: ...119 118 8 8 8 UK 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C Keep Warm 30...
Page 66: ...121 120 1000 1000 1 2 1 1 2 2 3 3 4 5 2 100 C 40 C 70 C 80 C 90 C UK...
Page 68: ...125 124 15 2012 19 EU WEEE E0 E1 E3 1 UK...
Page 98: ...185 184 8 1000 1000 BG...
Page 100: ...189 188 1 2 1 1 2 25 15 5 6 10 15 15 0 1 3 1 BG...
Page 112: ...213 212 8 8 8 KK 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 30...
Page 113: ...215 214 1000 1000 1 2 1 1 2 2 3 3 4 5 2 100 4 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 30 KK...