KK
41
Ескерту: Қолдануға дейін "қауіпсіздік нұсқаулары"
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Алғаш қолданар алдында барлық саптамаларды (жалғайтын блоктан (Е) басқа:
“Тазалау” бөлімін қараңыз) сабынды сумен жуып шығыңыз. Оларды мұқият шайыңыз
және кептіріңіз.
• Құралды тегіс, таза әрі құрғақ бетке орнатыңыз. Жылдамдықты ауыстырып-қосу батырмасының
(A1) “0” жағдайда орнатылғанына көз жеткізіңіз, сосын құралды желіге қосыңыз.
• Құралды бірнеше әдіспен іске қосуға болады: (A1 диаграммасын қараңыз)
-
Кідірмелі жұмыс істеу (серпілісті режім):
жылдамдықты ауыстырып-қосу батырмасын (А1) “Pulse” жағдайына (“Серпілісті
режім”) жағдайына бұраңыз. Кідірмелі жұмыс істеу тағамдардың бірқатарын дайындау
үшін қолайлы.
-
Үздіксіз жұмыс істеу:
жылдамдықты ауыстырып-қосу батырмасын (А1) дайындалып жатқан тағамға
байланысты “1 -ден 6/Max” немесе
“
1 -ден 8” үлгіге байланысты -қа дейінгі қажетті
жағдайға бұраңыз. Жұмыс істеу барысында режімді ауыстыруға болады.
• Құралды тоқтату үшін батырманы (А1) “0” жағдайына бұраңыз.
Маңызды! Құралды тек қақпақ (A5) пен бастиек (A3) орнықтырылғаннан кейін
ғана іске қосуға болады. Жұмыс істеу барысында қақпақ (A5) және/немесе бастиек
бұғаттан шығарылған жағдайда құрал жылдам тоқтайды. Қақпақты (A5) және/
немесе бастиекті орнықтырыңыз, басқару батырмасын (А1) “0” жағдайына
бұраңыз, сосын қажет жылдамдықты таңдау арқылы құралды іске қосыңыз.
1 - АРАЛАСТЫРУ / ИЛЕУ / КӨПСІТУ / ЭМУЛЬГАЦИЯЛАУ / БҰЛҒАУ
Қақпағы (B2) бар таттанбайтын болаттан жасалған сыйымдылықтың (B1) көмегімен нақты
тағамға байланысты 1,8 кг-ға дейін жеңіл қамырды дайындауға болады.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕРЕК-ЖАРАҚТАР:
Таттанбайтын болаттан жасалған тостаған (B1),
Қақпақ (B2), Қамыр илегіш (C1) араластырғыш (C2) немесе дөңгелек көпсітетін саптама (C3)
1.1 -КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ЖИНАУ ТӘРТІБІ
1.1 және 1.4. диаграммаларын орындаңыз.
1.2 - ҚОЛДАНЫЛУЫ
• Алдымен ауыстырып-қосқыштың батырмасын (А1) рецептіге байланысты қажетті
жағдайға бұраңыз.
• Жұмыс істеу барысында қақпақтағы (B2) саңылау арқылы өнімдерді қосуға болады.
• Құралды тоқтату үшін батырманы (A1) “0” жағдайына бұраңыз.
Кеңестер:
ИЛЕУ
( Барынша ұзақ қолдану уақыты: 13 минут.)
- Саптама ретінде қамыр илегішті (C1 “1” жылдамдықта қолданыңыз. 500 г-ға дейін ұнды
(бидай ұнын, ірілей тартылған ұнды, үгілме қамыр үшін және т.б.) илеуге болады.
- АРАЛАСТЫРУ
( Барынша ұзақ қолдану уақыты: 13 минут.).
- Дөңгелек көпсітетін саптаманы (C3)
“
1 -ден 6/Max” немесе
“
1 -ден 8” (үлгіге байланысты) (ең
жоғары) жылдамдыққа дейін қолданыңыз.
- Сізге: майонезді, айолиді, тұздықтарды, көпсітілген ақуыздарды (8 жұмыртқа ақуызына
дейін), шантильи кремін (500 мл-ге дейін) және т.б. дайындауға болады.