IM2021
41
Электр тоғымен зақымдалу қауіптілігіне жол бермес үшін, желілік баусымды
қыздыру аспаптары және жеңіл тұтанатын немесе жанғыш заттардың
жанына қоймаңыз.
Ылғалдағыштың желілік ашасын келесі жағдайларда желілік розеткадан
алып шығыңыз: резервуардан суды құйып алу немесе оған суды құйған
кезде; жинау, бұзу және тазалау алдында немесе егер Сіз оны
пайдаланбасаңыз; ылғалдағыш элементтерін монтаждау немесе бөлшектеу
алдында; ылғалдағышты басқа жерге көшірген кезде. Ылғалдағышты құрғақ
тегіс үстіңгі бетке орналастырыңыз.
Аспапты электр желісінен ажыратқан кезде, қоректендіру баусымынан
тартпаңыз, ашасынан ұстаңыз. Баусымды ширатпаңыз және ештеңеге
орамаңыз.
Ылғалдағыштан шығатын бу ол түсетін үстіңгі беттерді зақымдауы мүмкін.
Ылғалдағышты еденге, сондай-ақ жылыту аспаптарының, қабырға, жиһаз
бен басқа да заттардың жанына қоймаңыз.
Ылғалдағыштың дұрыс орнатылмауы салдарынан зақымдаулар үшін
өндіруші және сатушы жауапты болмайды. Ылғалдағышты қандай да бір биік
жерге орнатыңыз, мысалы, үстел, тумба және т.с.с., кемінде еденнен 60 см
және кемінде қабырғадан 10 см қашықтықта.
Ылғалдағышты суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ылғалдағышты дәлізге немесе оған тиіп кетуі, құлатып алуы мүмкін басқа да
жерлерге қоймаңыз. Егер ылғалдағыш пайдаланылмайтын болса, оны электр
желісінен ажыратыңыз.
Желілік баусымды кілем немесе басқа заттардың астынан өткізбеңіз.
Ылғалдағышты кездейсоқ баусымға тиіп кетпейтіндей, орналастырыңыз.
Қоректендіру баусымы өткір жиектер мен ыстық үстіңгі беттерге тимейтінін
бақылап отырыңыз.
Бөлмеден тыс немесе ылғалдылығы жоғары жағдайда пайдаланбаңыз.
Бөлмедегі тым жоғары ылғалдылық терезе мен жиһазда судың
конденсациясына әкеп соқтыруы мүмкін. Егер бұл орын алса, ылғалдағышты
сөндіріңіз.
Бөгде заттардың ылғалдағышқа түсуіне жол бермеңіз.
Ылғалдағыштың үстіне отырмаңыз, тұрмаңыз және үстіне ауыр заттарды
қоймаңыз.
Ылғалдағыштың зақымдалуын болдырмас үшін ылғалдандыру үшін
пайдаланылатын суға эфир майларын, сақтағыш қоспаларды, хош
иістендіргіштер мен басқа да бөгде қосындыларды араластырмаңыз. Бұл
талапты орындамау салдарына алған зақымдаулар үшін өндіруші және
сатушы жауапты болмайды.
ЕСКЕРТУ!
Ультрадыбыстық ылғалдағыш мембранасының жоғары жиілікті тербелістері
естілмейді және адамдар мен үй жануарлары үшін мүлдем қауіпсіз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC төмен температура жағдайында тұрса, іске
қосар алдында оны кемінде 2 сағат бөлме жағдайында ұстай тұру қажет.
Жеткізу жиынтығына кірмейтін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
Summary of Contents for T-HU3.5-A14E-W
Page 51: ...IM2021 51 ДЛЯ ЗАМЕТОК ...
Page 52: ...www timberk ru ...