KK
Тазалау жөніндегі нұсқаулар
•
Термоконтейнерді ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. Тек қолмен жуыңыз.
•
Қолданған сайын термоконтейнердің барлық бөлшектерін әрқашан тазалаңыз.
•
Жылы сумен және жуғыш сұйықтықты пайдаланып қолмен жуыңыз. Жақсылап
шайыңыз. Сақтауға қояр алдында суын төгіп, әбден кептіріңіз.
•
Суға батырмаңыз.
•
Ысқыш тазалау құралдарын немесе ағартқышты қолданбаңыз.
•
Толық тазалау үшін қақпақтағы (b) тығыздағышты (c) алып тастаңыз. Жоғалтып
алмау үшін, тығыздағыш кепкен кезде бірден орнына қойыңыз.
•
Термоконтейнерді қолданбаған кезде әрқашан ашық күйде сақтаңыз.
Маңызды сақтық шаралары
•
Газдалған сусындарды сақтау немесе алып жүру үшін қолданбаңыз.
•
Металл аспаптармен араластырмаңыз.
•
Сүт өнімдері мен сәбилер тағамын жылы күйінде сақтау үшін қолданбаңыз, себебі
бұл жағдайларда бактериялар көбеюі мүмкін.
•
Тасымалдау кезінде термоконтейнерді тік ұстаңыз. Әйтпесе қақпақтағы клапаннан
сұйықтық ағып кетуі мүмкін.
•
Әсіресе ыстық нәрсе салынған кезде, балалар бұл контейнерді ересек адамның
бақылауымен ғана пайдалануы тиіс. Пайдаланушы ыстық сұйықтықтардан немесе
ыстық тағамдардан күйіп қалуы мүмкін.
•
Контейнердің өзінен тікелей ішпеңіз, себебі оның ішкі қабырғасы ыстық болуы
мүмкін.
•
Ауыр соққы вакуумдық қасиетін төмендетіп, сыртқы қабатын зақымдауы мүмкін.
•
Ыстықтан не ыстық көздерінен алшақ ұстаңыз.
Кепілдік
Tupperware
®
өнімдері тағаммен бірге пайдалану үшін мақұлданған өте сапалы
материалдардан жоғары дәлдікпен жасалған.
Tupperware
®
термоконтейнерлері үшін өнімді нұсқауларға сәйкес және қалыпты
тұрмыстық қолданыста пайдаланған кездегі қандай да бір материал немесе өндіру
ақауы бойынша Tupperware кепілдігі беріледі. Немқұрайлы немесе дұрыс емес
қолданғаннан бүлінген (мысалы, шамадан тыс қызу, ішкі және сыртқы беттеріндегі
дақтар мен сызаттар, соққыдан немесе құлағаннан бүлінуі және т.б.) бұйымдарға
.кепілдік қолданылмайды
Ыдысты ауыстырып алу үшін өзіңізге Tupperware ыдысын көрсеткен адамға
хабарласыңыз.
www.tupperwarebrands.com