Сізді Tupperware компаниясының сусындарыңызды жылы немесе салқын күйінде
сақтауға арналған сәнді құтыны таңдағаныңызбен құттықтаймыз.
Пайдалану, және күтім көрсету жөніндегі нұсқауларды мұқият оқысаңыз және
орындасаңыз, сәнді құтыны көптеген жылдар бойы рақаттанып пайдаланатын
боласыз.
alSDFGJMH
Құрамы:
(a) Оқшауланған қақпақ
(b) Тығыздағыш
(c) Термоқұты
(d)Сырғымайтын төсеме
Пайдалану және күтіп ұстау:
• Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, жылы сусындар үшін термоқұтыға алдымен
ыстық (қайнап тұрған емес) суды құюға ұсынамыз, ал салқын сусындар үшін
суық суды құю арқылы алдын ала суыту ұсынылады.
• Ыдысты тым толтырмаңыз. Ыдысты бұрандадағы ойықтан асырмай толтырыңыз,
және оқшауланған қақпақты жабуға болатындай етіп орын қалдырыңыз.
Тазалау жөніндегі нұсқаулар:
• Жаңа өнімді алғашқы пайдалану алдында әрқашан жуыңыз.
• Әрбір қолданғаннан кейін өнімнің барлық бөлшектерін әрқашан тазалап
тұрыңыз.
• Термоқұтыны (с) ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. Тек қолмен жуыңыз.
• Термоқұтыны жылы сумен және жуғыш сұйықтықты пайдаланып қолмен
жуыңыз. Жақсылап шайыңыз. Сақтауға қояр алдында суын төгіп, әбден
кептіріңіз.
• Суға батырмаңыз. Жуған кезінде қайнап тұрған суға тигізбеңіз.
• Қырғыш тазалау жөкесін немесе қырғыш тазалағыштарды (ағартқыштарды
қоса алғанда) пайдаланбаңыз, себебі олар өнімде сызат қалдырады.
• Өнімді қолданбаған кезде әрқашан ашық күйде сақтаңыз.
• Толық тазалау үшін оқшауланған қақпақтағы (a) тығыздағышты (b) алып
тастаңыз. Жоғалтып алмау үшін, тығыздағыш кепкен кезде бірден орнына
қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары:
• Газдалған сусындарды сақтау, немесе алып жүру үшін қолданбаңыз, және
газдайтын құрылғыларды пайдаланбаңыз.
• Металл аспаптармен араластырмаңыз.
• Сүт өнімдерін жылы күйінде сақтау үшін қолданбаңыз, себебі бұл жағдайларда
бактериялар көбеюі мүмкін.
• Тасымалдау кезінде қақпағын жауып, ыдысты тік ұстаңыз.
• Әсіресе ыстық нәрсе салынған кезде, балалар осы бұйымды ересек адамның
бақылауымен пайдалануы керек. Пайдаланушы ыстық сұйықтықтардан күйіп
қалуы мүмкін.
• Контейнердің өзінен тікелей ішпеңіз, себебі оның ішкі қабырғасы ыстық болуы
мүмкін.
• Ауыр соққы вакуумдық қасиетін төмендетіп, сыртқы қабатын зақымдауы мүмкін.
• Ыстықтан не ыстық көздерінен алшақ ұстаңыз.
Кепілдік
Tupperware
®
өнімдері тағаммен бірге пайдалану үшін мақұлданған өте сапалы
материалдардан жоғары дәлдікпен жасалған.
Tupperware сәнді құтысы үшін өнімді нұсқауларға сәйкес, және қалыпты тұрмыстық
қолданыста пайдаланған кездегі қандай да бір материал немесе өндіру ақауы
бойынша Tupperware кепілдігі беріледі.
Немқұрайлы немесе дұрыс емес қолданғаннан бүлінген (мысалы, шамадан тыс қызу,
ішкі және сыртқы беттеріндегі дақтар мен сызаттар, соққыдан немесе құлағаннан
бүлінуі және т.б.) өнімге кепілдік қолданылмайды.
Кепілдік өнімдегі сәндік баспалардың қандай да бір зақымдалу жағдайларына
қолданылмайды.
Ыдысты ауыстыру үшін Tupperware кеңесшісіне хабарласыңыз.
www.tupperwarebrands.com
KZ