Сізге күріштің көптеген түрлерін және басқа дәнді дақылдарды жылдам және оңай
әзірлеуге мүмкіндік беретін
Микротолқындық үлкен Tupperware күріш пісіргішін
таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Күрішті немесе басқа дәнді дақылдарды
бір контейнерде пісіру, дастарханды даярлау және сақтау арқылы уақыт пен
қуатыңызды үнемдеңіз.
Бірегей қос қақпақ пісіру кезінде пайда болатын көбікті басуға мүмкіндік береді. Көбік
жоғарғы қақпақтың томпақ кескінді ойығына жиналып, қақпақ төсемесіне қотарып
құйылады.
min 0°C
max 120°C
max 900W
max 30 min.
a s D f G J H M
Қуатты үнемдеп, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ыдыс жуғыш машинаны төмен температуралы бағдарламаға қойып
қолданыңыз.
Әзірлеу нұсқаулары (А сур.)
• Қайнаған кезде шашырап кетуді болдырмау үшін көрсетілген мөлшерден асырмаңыз.
Ең жоғарғы толтыру сызығынан асырмаңыз.
• Қаптамада өзгесі көрсетілмесе, күрішті әзірлерде оны үнемі шайып жуыңыз.
• Тек күрішті салып, су құйыңыз. Суға сұйық май, май немесе кез келген басқа май қоспаңыз,
себебі ол Сіздің өніміңізді бүлдіруі мүмкін.
• Дұрыс құрастыру үшін бөлгіш төсемесіндегі сызбаға қараңыз. Бөлгіш төсеме ыдыс негізіне
2 шағын тұтқасымен жоғары қаратып салынуы тиіс (1).
• Қақпағын жабарда қақпақтың тұтқалары негізінің тұтқаларымен біркелкі түйіскенін
тексеріңіз. (2 + B сур.).
• Бекіту үшін қақпақты төменге басыңыз (3).
• Пісірілген күрішті дастарханға әкелместен бұрын кемінде 5 минутқа тұрғызып қойыңыз (4).
• Ашу үшін тостағанның екі тұтқасын да ұстай тұра, қақпағының тұтқаларына басыңыз. Үнемі
алдымен бір жағынан сосын екінші жағынан басыңыз (C сур.)
Әзірлеу уақыты мен су деңгейі күріштің түріне, микротолқынды пештің қуаттылық
параметрінің реттелімі және қажетті ылғалдыққа байланысты болады.
• Микротолқындық үлкен күріш пісіргішті ең жоғарғы 900 Вт қуаттылығында ең жоғарғы пісіру
уақыты 30 минуттан асырмай қолдануды ұсынамыз.