KK
•
Микротолқынды пеште 900 Вт-пен пісіру уақыты паста орамында
көрсетілген пісіру уақытынан екі есе ұзақ:
Микротолқынды пеште әзірлеу уақыты = Орамдағы әзірлеу уақыты x 2
•
Мысалы, паста орамында 8 минут пісіруге кеңес берілсе,
негізде оны 16 минут пісіресіз.
•
Микротолқынды пеште пісіру уақытын жеке талғамыңызға,
микротолқынды пештің реттеліміне немесе дайындап жатқан
паста түріне (G сур.) қарай бірнеше минутқа азырақ немесе
көбірек етіп реттеуіңіз қажет болуы мүмкін. Пісіру уақытынан
ешқашан 30 минут асырмаңыз.
•
Негізді микротолқынды пештен екі қолмен сабынан ұстап, пеш
қолғаптарын кию арқылы абайлап шығарыңыз. Раковинаға суды
сарқыту (D 3 сур. қараңыз) үшін шұңғыл дуршлагты қолданыңыз.
•
Су сарқылған соң, паста салынған шұңғыл дуршлагты негізге
қойып, оны ұсынғанға дейін жылы ұстау үшін қорғалған қақпақпен
жабыңыз.
•
Паста пісіру кезіндегі пайдалы кеңестер:
•
Микротолқынды пешке салмас бұрын негіздегі судың жеткілікті
екенін әрқашан тексеріңіз.
•
Микротолқынды пеште тағам әзірлегенде қақпақты жаппаңыз,
өйткені судың тасып кетуі мүмкін.
•
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, әзірлеу барысында пастаны
араластырмауға кеңес беріледі. Әзірленгеннен кейін паста
жабысқақ болса, құрғатып, ыстық сумен дереу шайыңыз.
•
Әзірлеу уақыты 6 минуттан кем немесе 14 минуттан көп болатын
немесе жаңа иленген және лездік пастаны пісірмеуге кеңес
береміз. Олардың дәмі мен текстурасы көңілден шықпауы
мүмкін.
•
Құрғақ пастаның келесі түрлерін осы өнімге пісірмеуге кеңес
береміз. тальятелле ұялары, вермишель, каннеллони, ньокки,
өте майда паста мен кебекті ұннан жасалған паста. Пастаның
бұл түрлері ыдыстың сыртына шығып немесе бір-біріне
жабысып қалуы мүмкін.
4. Қолайлылық пен қауіпсіздік үшін келесі сақтық
шараларын ұстаныңыз:
•
Бірінші қолданбас бұрын өнімді міндетті түрде жуыңыз.
•
Осы кітапшада берілген әзірлеу нұсқауларын қолданыңыз.
•
Бұйым тек микротолқынды пеште қолдануға арналған; оны
ас үй плитасында, қарапайым пеште немесе гриль астында
қолданбаңыз. Микротолқынды пешіңіздің автоматты
бағдарламаларын ешқашан пайдаланбаңыз, себебі
олар отқа қақтау функциясын іске қосып, бұйымыңызды
зақымдауы мүмкін.
•
Бұйымды тиісінше қолдану үшін әрдайым микротолқынды
пеш өндірушісінің нұсқаулық буклетін қараңыз. Айналмалы
табақшаңыз болса, құралдың оған сәйкес келетініне
ЖӘНЕ айналмалы табақшаның дұрыс айналатынына көз
жеткізіңіз.
•
Тасып кетпес үшін, негізді шамадан тыс толтырмаңыз.
Әзірленетін тамақ түріне қарай әрқашан «MAX» сызығын
ескеріп отырыңыз.
•
Жалпы 30 мин. пісіру уақытынан және 900 Вт максималды
қуаттан ешқашан асырмаңыз (G сур.).
•
Бұйымды 0°C – 120°C аралығындағы температурада қолдануға
болады.
Мұздатқышқа салмаңыз және 120°C-тан асырмаңыз.
•
Суы жоқ негізде тамақты ешқашан пісірмеңіз; ол өнімді қалпына
келмейтіндей зақымдауы мүмкін. Бұл Tupperware кепілдігімен
сақтандырылмаған.
•
Суға тоң май, сұйық май немесе қант қоспаңыз немесе
құрамында майы бар сүт, сорпа сияқты сұйықтықтар немесе
майсыздандырылған сорпа пайдаланбаңыз, тот басуы немесе
ақ дақтар пайда болуы мүмкін. Бұл Tupperware кепілдігімен
сақтандырылмаған.
•
Дақ түсірмес үшін суға шафран, карри немесе басқа да бояғыш
дәмдеуіштерді қоспауды не қызанақ немесе карри негізді
тағамдарды ысытпауды ұсынамыз. Дақ түсуі бұйымдардың
жұмысына әсер етпейді және ол Tupperware кепілдігінде
қамтылмайды.
•
Піскен соң бұйым мен оның ішіндегісі ыстық болады. Негізді
микротолқынды пештен саптарынан мұқият ұстап шығарыңыз.
Бұйымды микротолқынды пештен аларда әрқашан қолғап киіңіз.
•
Ыстық бу сізге тимес үшін және күйіп қалмауыңыз үшін
қорғалған қақпақты, дән қақпағын және дән енгізбесін үнемі
өзіңізден қарсы жаққа қаратып ашыңыз.
•
Паста, күріш немесе дәнді-дақыл дайындауға буда пісіргеннен
кейін негізде қалған суды қолданбаңыз.
•
Дайындаулар аралығында негізді әрқашан тазалаңыз.
•
Бұйымның ешқандай бөлігіне бұжыр, өткір немесе металл
құралдарды пайдаланбаңыз.
•
Қатты тағам иісінен немесе дақтардан қорғауға көмектесу
үшін бұйымды қолданған соң әрдайым бірден салқын сумен
шайыңыз.
•
Барлық бөліктерін ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
5. Tupperware сапа кепілдігі
Үлкен Tupperware
®
Micro Urban құралына қалыпты үй қолданысында
нұсқауларға сәйкес пайдаланғанда қандай да бір материал немесе
өндіріс ақауы пайда болса, ауыстырылуын қамтамасыз ететін
барлық Tupperware өнімдеріне берілетіндей сапа кепілдігі беріледі.
www.tupperwarebrands.com мекенжайы
Summary of Contents for Micro Urban Large
Page 1: ...Micro Urban Large 2017 Tupperware All Rights Reserved...
Page 2: ...1 2 3 4 5 6 A...
Page 3: ...1 2 3 4 5 6 1 2 3 4 5 6 1 2 3 4 5 6 B C D...
Page 4: ...E F G...