0478 670 9902
F
-
KK
6
Түпнұсқа VIKING қосалқы
бөлшектерін қосалқы
бөлшектегі нөмір, жазба және
VIKING белгісі бойынша
тануға болады.
Шағын қосалқы бөлшектерде
тек белгі болуы мүмкін.
- Жұмыстан кейін аэраторды
мұқият тазалаңыз.
Ешқашан жоғары қысымды
тазалағышты
пайдаланбаңыз және
аэраторды ағынды сумен
тазаламаңыз (мысалы,
бақша шлангісінің
көмегімен).
Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз. Мұндай
тазалағыштар құрылғының
қаптамасын және металын
зақымдап, VIKING
құрылғысының жұмысына
әсер етуі мүмкін.
«Техникалық қызмет
көрсету» тарауындағы
ақпаратқа назар
аударыңыз.
- Құрылғы әрқашан жұмыс
істейтін күйде болуы үшін
барлық гайкаларды,
болттарды және
бұрандаларды берік
бекемделген болуын
қадағалаңыз.
- Құрылғыдағы түсініксіз
қауіп және ескерту
жапсырмаларын жаңарту
керек. VIKING
делдалыңызда ауыстыру
жапсырмалары бар.
- Машина мен шөп
жинағышта (керек-жарақ –
жеткізу жинағына кірмейді)
– әсіресе құрылғыны ұзақ
жұмыс үзілістеріне (қысқы
үзіліс) сақтауға қою
алдында – тозу мен зақым
белгілерін толығымен жиі
тексеріңіз. Құрылғы
әрқашан жұмыс істейтін
күйде болуы үшін тозған
немесе зақымдалған
бөлшектерді ауыстырыңыз.
- Өрт қаупін азайту үшін
қозғалтқыш капотын,
әсіресе желдету
саңылауларын шөптен,
сабаннан, мүктен,
жапырақтардан және
майдың ағып кетуінен таза
ұстаңыз.
- Аэраторды жабық бөлмеге
қою алдында қозғалтқышты
5 минут ішінде суытыңыз.
- Аэраторды құрғақ, жабық,
балалар жетпейтін орында
сенімді түрде сақтаңыз.
Ескерту –
Электрлік ток соғу
қаупі
- Зақымдалған ұзартқышты
ешқашан пайдаланбаңыз.
Ақаулы кабельді
жаңасымен ауыстырыңыз
және ұзартқыштарға
ешқандай жөндеу
жұмыстарын орындамаңыз.
- Сымдары зақымдалған
немесе тозған аэраторды
пайдалануға болмайды.
- Зақымдалған сымды желіге
жалғамаңыз және
зақымдалған сымды
желіден ажыратпас бұрын
оған тимеңіз.
Ток соғу қаупі бар!
- Құрылғыны желіден
ажыратпас бұрын және
пышақ толығымен
тоқтатылмағанша пышаққа
тимеңіз.
- Вертикуттермен өңдеу
кезінде ұзартқыштарды
жұмыс құралдарынан
алшақ ұстаңыз. Пышақтар
сымдарды зақымдауы
мүмкін.
Ток соғу қаупі бар!
- Тек аэратормен
пайдаланылуға арналған
ылғалға төзімді
ұзартқышты пайдаланыңыз
(
«Құрылғыны іске қосу»).
04.05 Техникалық қызмет
көрсету және сақтау
Құрылғымен кез келген
жұмысты бастау
алдында, аэраторды
реттеу не тазалау немесе
жалғастырушы шоғырсымның
шатасып кетпегенін,
зақымдалмағанын тексеру
алдында, құрылғыны өшіріңіз
және желілік ашаны тартып
шығарыңыз.
Тек осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталған
техқызмет көрсету жөніндегі
жұмыстарды өткізіңіз. Басқа
техникалық қызмет көрсету
түрлерін тек маман өткізе
алады.
VIKING техникалық қызмет
көрсетуді және жөндеуді тек
VIKING делдалдарында
өткізуді ұсынады.
VIKING делдалдары тұрақты
түрде оқытуды ұсынады және
техникалық ақпаратты
қамтамасыз етеді.
Тек жоғары сапалы
құралдарды, керек-
жарақтарды және қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз,
әйтпесе дене жарақаттарына
әкелетін сәтсіз жағдайлардың
қаупі туындайды немесе бұл
құрылғының зақымдалуына
әкелуі мүмкін.
VIKING түпнұсқа VIKING
құралдарын, керек-
жарақтарын және қосалқы
бөлшектерін пайдалануды
ұсынады. Олардың сипаттары
құрылғы және пайдаланушы
талаптары үшін оңтайлы.
Summary of Contents for LE 540
Page 2: ... 2008 2015 VIKING GmbH A 6336 Langkampfen Kufstein 0478 670 9902 G I15 Eco DS 2015 03 ...
Page 3: ...0478 670 9902 G I 1 2 1 2 3 4 2 x 2 x 2 x ...
Page 4: ...0478 670 9902 G II 3 4 5 ...
Page 5: ...0478 670 9902 G III 11 10 9 8 6 7 ...
Page 6: ...0478 670 9902 G IV 13 12 ...
Page 439: ...Notizen Notes ...
Page 440: ...Notizen Notes Notizen Notes ...
Page 441: ...Notizen Notes ...
Page 442: ...Notizen Notes ...
Page 443: ...Notizen Notes ...
Page 444: ...Notizen Notes ...
Page 445: ...Notizen Notes ...
Page 446: ...Notizen Notes ...
Page 447: ......
Page 448: ... 04786709902G LE 540 G INT 1 0478 670 9902 G ...