13
ҚазаҚша
ТЕРМОПОТ VT-1197
Электрлік термопот суды қайнату және
судың қажетті температурасын сақтау үшін
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Судың минималды деңгейінің
белгісі «МИН»
2.
Су деңгейінің шәкілі
3.
Суды беруді іске қосу батырмасы
4.
Суды құю шүмегі
5.
Басқару тақтасы
6.
Қақпақты ашу пернесі
7.
Бу шығатын саңылаулар
8.
Алынбалы үстіңгі қақпақ
9.
Қақпақ бекіткіші
10.
Тасымалдауға арналған қолсап
11.
Корпусы
12.
Желілік баусымды қосуға арналған ағытпа
13.
Айналатын тұғыр
14.
Тығындайтын аралық қабат
15.
Максималды деңгей белгісі «МАКС»
16.
Желілік баусым
17.
Қолды сорғының механикалық бөгеттеуіші
«Lock/UN Lock»
18.
Қолды сорғы
Басқару панелі
19.
Суды қайнату режимінің көрсеткіші
«BOILING/Қайнату»
20.
Су температурасын таңдау батырмасы
«TEMP.SET/температураны таңдау»
21.
Температураны ұстап тұру көрсеткіші
«KEEP WARM/температураны ұстап тұру»
22.
Қайтадан қайнату батырмасы
«REBOIL/қайтадан қайнату»
23.
«TEMP DECLINING/салқындау» көрсеткіші
24.
Су температурасын ұстап тұру режимдерінің
көрсеткіштері «45°-85°-95°»
25.
Су жіберілімін іске қосу батырмасы
«DISPENSE/құю»
26.
Суды жіберуді « » бұғаттаудан босату
көрсеткіші
27.
Су жіберілімін бұғаттаудан босату
батырмасы «UN/LOCK – бұғаттаудан/
босаты»
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша
қорғаныс
үшін
қоректендіру
тізбегінде номиналды іске қосылу тогы 30 мА
аспайтын қорғаныс сөндіру құрылғысын (ҚСҚ)
орнатқан дұрыс, ҚСҚ-ны орнату үшін маманға
хабарласыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•
Электрлік термопотты пайдалану алдында
нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз.
•
Аспаптың жұмыс істеу кернеуі желі кернеуіне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Желілік
баусым
«евроайыртетікпен»
жабдықталған; оны жерге сенімді қосылған
байланысы бар электр ашалығына қосыңыз.
•
Өрттің пайда болу қаупіне жол бермеу үшін
аспапты электр ашалығына қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
•
Желілік баусымды сулы қолмен қоспаңыз
және ажыратпаңыз, бұл электр тоғымен
зақымдануға әкелуі мүмкін.
•
Желілік баусым ашасын электр ашалығынан
ажыратқан кезде, желілік баусымды емес,
желілік баусымның ашасынан ұстаған дұрыс.
•
Ешқашан жұмыс істеп тұрған құрылғыны
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Термопотты сусыз қоспаңыз.
•
Аспапты құлатпаңыз және еңкейтпеңіз.
•
Термопотты тек суды қайнату үшін
пайдаланыңыз, оның ішінде кез келген басқа
сұйықтықтарды қыздыруға немесе қайнатуға
тыйым салынады.
•
Термопоттағы судың деңгейі минималды
белгісінен төмен және максималды белгісінен
жоғары болмауын қадағалаңыз.
•
Термопотқа суды су құбырының кранынан
тікелей толтыруға тыйым салынады, бұл үшін
қолайлы ыдысты пайдаланыңыз.
•
Термопотты тегіс және тұрақты бетке
қойыңыз, термопотты үстелдің шетіне
орналастырмаңыз.
•
Термопотты
қабырғалардың
қасында
немесе асүйлік жиһаз қабырғаларына таяу
орналастыруға тыйым салынады. Термопотқа
дейінгі қабырғаның немесе жиһаздың ара
қашықтығы 20 см-дан кем болмайтындай, ал
термопоттың үстіндегі бос кеңістік 30 см-ден
кем болмайтындай етіп темопотты орнатыңыз.
•
Аспапты жылу көздерінің немесе ашық оттың
тікелей қасында пайдаланбаңыз.
•
Электрлік баусымның үстелден салбырауына
жол бермеңіз, сонымен қатар, оның ыстық
беттермен жанаспауын қадағалаңыз.
•
Суды қайнату уақытында термопоттың
қақпағын ашуға және суды құюға тыйым
салынады.
•
Суды
құю
уақытында
құрылғыны
айналдырмаңыз.
IM VT-1197.indd 13
01.08.2018 17:13:30