19
ҚазаҚша
•
Термопоттың бүтіндігіне көз жеткізіңіз, ақауы
болған жағдайда пайдаланбаңыз.
•
Қосар алдында құрылғының жұмыс кернеуі
электр желісінің кернеуіне сәйкестігіне көз
жеткізіңіз.
Термопот қақпағын қалай ашып, ағыту
және орнату қажет:
(8) қақпақты ашу клавишасына басыңыз
және оның көтерілген бөлшегінен ұстап, (11)
ағытпалы үстінгі қақпақты жартылай ашыңыз,
содан кейін, қақпақты (6) басқару панелі
бағытына қарай тартыңыз да ағытып алыңыз.
(11) қақпақты орнына орнату үшін (13) қақпақ
осін (10) бекітпеге кіргізіңіз және қақпақты
үстінен «тырс» еткенге дейін басыңыз.
•
(11) қақпақты ашыңыз.
•
Ыңғайлы ыдысты пайдаланып, су деңгейінің
(14) «FULL» ең жоғарғы белгісінен асырмай
термопотқа су құйыңыз.
•
(17) желі бауының штеккерін (16) құрылғы
тұлғасындағы орынға тығыңыз, ал желі
ашасын – электр розеткасына тығыңыз.
•
Термопот
суды
қайнату
режиміне
автоматты түрде ауысады, (6) басқарма
панеліндегі (21) индикатор қызыл түспен
жанып тұрады. Бұл жағдайда (5) дисплейде
судың ағымдағы температура көрсетіліп
тұрады (индикатор 27).
•
Термопоттағы су қайнағаннан кейін, құрылғы
температураны қолдау режиміне ауысады,
осы жағдайда (21) индикатор жарық түсін
қызылдан сарыға өзгертеді.
•
Алғашқы қайнатқаннан кейін барлық суды
төгіңіз; ол үшін (26) (БЛОКТАН ШЫҒАРУ)
батырмасын басу арқылы су жіберу
помпасын блоктан шығару қажет, осы
жағдайда (24) индикаторы жанады.
•
Ыңғайлы ыдысты (4) су жіберу шүмегінің
астына қойыңыз, содан кейін (7) жоғарғы су
жіберу батырмасына басыңыз да шамамен
жартысын құйыңыз.
Ескерту: су жіберу (22) индикаторы жанып
тұрғанда ғана жүзеге асады.
•
Желі ашасын электр розеткасынан
ажыратыңыз.
•
(11) қақпағын ағытыңыз.
•
Тасымалдауға арналған (12) тұтқасынан ұстап,
бүйіріне еңкейтіп, термопот сыйымдылығында
қалған суды төгіп тастаңыз.
•
(11) қақпағын орнына орнатыңыз.
Назар аударыңыз! Ыстық суға күйіп қалмау
үшін суды төгу барысында абайлық сақтаңыз.
ТЕРМОПОТТЫ ПАЙДАЛАНУ
•
(11) қақпақты ашыңыз.
•
Термопотты суға тылтырыңыз және желі
бауының ашасын электр розеткасына
тығыңыз.
•
Термопот суды қайнату режиміне автоматты
түрде ауысады, (6) басқарма панеліндегі
(21) индикатор қызыл түспен жанып тұрады.
Бұл жағдайда (5) дисплейде судың ағым-
дағы температура көрсетіліп тұрады
(индикатор 27).
•
Термопоттағы су қайнағаннан кейін, құрылғы
(20) «ТЕМПЕРАТУРАНЫ ТАҢДАУ» суды
жылыту температурасын таңдау батырмасы
арқылы алдын ала қойылған, температураны
қолдау режиміне ауысады, (5) температура
идикациясы (индикатор 29) дисплейінде
көрсетіледі, осы жағдайда (21) индикатор
жарық түсін қызылдан сарыға өзгертеді.
Ескерту: белгіленбеген жағдайда температура
+85°С. деңгейін ұстап тұрады.
Жылыту температурасын таңдау
•
Жылыту температурасын таңдау (20) «ТЕМПЕ-
РАТУРАНЫ ТАҢДАУ» батырмасын басу
арқылы жүзеге асады, осы жағдайда темпе-
ратура (5) дисплейінде белгіленген темпера-
тура идикациясы (индикатор 29) көрсетіледі.
(20) «ТЕМПЕРАТУРАНЫ ТАҢДАУ» батыр-
масын дәйекті түрде басу арқылы жылыту
температурасын: +45°С, +55°С, +65°С, +85°С,
+98°С тағайындай аласыз, немесе CL таңдап,
жылытуды сөндіре аласыз. Жыпылықтаған
«CL» белгілері температураны қолдау режимі
өшірулі екенін білдіреді, осы жағдайда (21)
индикаторы жанбайды.
•
Егер су температурасы белгіленген
деңгейден төмендеп кетсе, құрал суды
жылыта бастайды және температураны
қолдау режиміне ауысады, осы жағдайда
(5) дисплейінде ағымдағы температура
(27индикатор) көрсетіледі.
•
Егер су деңгейі (1) «MIN» белгісінен
төмендеп кетсе, (11) қақпағын ашыңыз да
қосымша су құйыңыз; (14) «FULL» ең жоғары
деңгейі белгісінен асыруды болдырмаңыз.
Қайнатуды қайталау
•
Температураны қолдау режимінде суды
қайнатуды қайта қосуға болады. Ол үшңн
(19)
«ҚАЙНАТУ/ТОҚТА»
батырмасын
басыңыз, осы жағдайда (21) индикаторы
түсін сарыдан қызылға өзгертеді.
VT-1198.indd 19
18.09.2015 12:56:39
Summary of Contents for VT-1198 ST
Page 2: ...VT 1198 indd 2 18 09 2015 12 56 37...
Page 13: ...13 8 8 8 8 www vitek ru VT 1198 indd 13 18 09 2015 12 56 38...
Page 18: ...18 8 8 8 8 www vitek ru VT 1198 indd 18 18 09 2015 12 56 39...
Page 21: ...21 11 11 1 1 1 220 240 50 750 4 3 i i i i i i i i i i i i VT 1198 indd 21 18 09 2015 12 56 39...
Page 23: ...23 8 8 8 8 www vitek ru VT 1198 indd 23 18 09 2015 12 56 39...