20
ҚазаҚ
реттегіші «MAX» күйіне белігленген кездегі
жоғары температурада үтіктеу режимін
белгілеңіз, сол кезде көрсеткіш (7) жанады.
–
Үтік табанының (14) температурасы
белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (7) сөнеді, үтіктеуге кірісуге
болады.
–
Тұрақты бу беру реттегішімен (3) қажетті
бу түзу қарқындылығын белгілеңіз, бу үтік
табанының (14) саңылауларынан шыға
бастайды.
–
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін
температура реттегішін (11) «MIN» күйіне,
ал тұрақты бу беру реттегішін (3) « » (бу
беру сөндірілген) күйіне орнатыңыз.
–
Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз
және
үтіктің
толық
салқындауын күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер жұмыс істеу уақытында тұрақты бу
беру болмаса, бу беру реттегіші (3) күйінің
дұрыстығын және сауытта (10) судың болуын
тексеріңіз.
Қосымша бу беру
Бу беру қызметі қыртыстарды үтіктеген
кезде пайдалы және үтіктеудің жоғары
температуралы
режимінде
(температура
реттегіші (11) «МАХ» күйінде) ғана қолданыла
алады.
Бу беру батырмасын (4) басқанда бу үтік
табанынан шыға бастайды (сур. 6).
Ескерту:
–
Судың бу саңылауларынан ағуын болдырмау
үшін қосымша бу беру батырмасын (4) 4-5
секунд аралығымен басыңыз.
Тік ылғалдау
Тік ылғалдау қызметі тек жоғары температуралы
үтіктеу режимінде (температура реттегіші (11)
«МАХ» күйінде) ғана қолданыла алады.
Үтікті киімнен 10-30 см қашықтықта тік ұстаңыз
және қосымша бу беру батырмасын (4) 4-5
секунд аралығымен басыңыз, бу үтік табанынан
(14) шыға бастайды.
Қажетті ақпарат
–
Синтетикалық маталарды тік ылғалдау
ұсынылмайды.
–
Ылғалдау кезінде матаның еруін болдырмау
үшін үтіктің табанын оған тигізбеңіз.
–
Ешқашан
адамға
киілген
киімді
ылғалдамаңыз, себебі шығатын будың
температурасы өте жоғары, иықшаларды
немесе киім ілгішті пайдаланыңыз.
–
Сіз үтіктеп болғаннан кейін, үтікті сөндіріңіз,
оның толық салқындауын күтіңіз, содан
кейін құятын саңылаудың қақпағын (2)
ашыңыз, үтікті төңкеріңіз және қалған суды
төгіңіз (сур. 8) .
Бу камерасын тазалау
Үтіктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін бу
камерасын тазартуды, әсіресе қатты құбыр суы
бар аймақтарда тұрақты орындау ұсынылады.
–
Тұрақты бу реттегішін (3) « » (бу беру
сөндірілген) күйіне орнатыңыз.
–
Сауытты (10) «MAX» белігісіне (13) дейін
суға толтырыңыз.
–
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
–
Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа
қосыңыз.
–
Реттегішті (11) бұрап, үтік табаны қызуының
максималды температурасын белгілеңіз
«MAX», сол кезде көрсеткіш (7) жанады.
–
Үтік табанының (14) температурасы
белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (7) сөнеді. Үтік табанының қайта
қызуын күтіңіз, содан кейін бу камерасын
тазалауды жүргізуге болады.
–
Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз.
–
Үтікті қол жуғыштың үстіне көлденең
орнатыңыз және «SELF CLEAN» өздігімен
тазалану режимінің батырмасын (12)
басыңыз (сур. 7).
–
Қайнаған су мен бу қақпен бірге үтіктің
табаны (14) саңылауларынан шыға
бастайды.
–
Үтікті алға-артқа сауыттағы (10) бүкіл су
шығып болғанға дейін сәл ғана шайқаңыз.
–
Үтікті негізіне (9) қойыңыз жән оған толық
салқындауға уақыт беріңіз.
–
Үтіктің табаны (14) толық салқындағанан
кезде, оны құрғақ матамен сүртіңіз.
–
Үтікті сақтауға қойғанға дейін, сауытта (10)
су жоқ екеніне, ал үтік табаны (14) құрғақ
екеніне көз жеткізіңіз.
VT-1208.indd 20
18.07.2012 11:04:40