22
ҚазаҚша
белгіленген бетіне қол тигізуге тыйым
салынған. Күйіп қалу қаупі бар.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
АЛҒАШ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны суық (қысқы) шарттарда
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан
кейін оны бөлме температурасында екі
сағаттан кем емес ұстау қажет.
–
Үтікті қораптан шығарып алыңыз, табанында
қорғаныш қабаты (14) болса, онда оны алып
тастаңыз.
–
Құрылғының
бүтіндігін
тексеріңіз,
бүлінген жерлері болған кезде құрылғыны
пайдаланбаңыз.
–
Қоспай тұрып, электр желісінің кернеуі
құрылғының жұмыс кернеуіне сай келетінін
тексеріп алыңыз.
–
Резервуарда судың қалдығы болуы
мүмкін – бұл қалыпты құбылыс, себебі
өндірісте үтік сапа бақылауынан өткен
болатын
Ескерту: Алғашқы қосқан кезде үтіктің
қыздырғыш элементі күйеді, сондықтан
аздаған түтіннің және бөтен иістің
пайда болуы қалыпты жағдай болып
табылады.
АВТОМАТТЫ СӨНУ
Үтікті ң берілген моделінде автоматты сөнудің
екі режимі көзделген.
1.
Егер үтік көлденең күйінде 30 секунд бойы
қозғалмай тұрса, онда үтіктің қыздырғыш
элементі сөнеді, ал көрсеткіш (9) жанып
сөнеді. Үтіктеу процесін қайта жалғастырған
кезде үтік автоматты түрде қосылады.
2.
Егер үтік тік күйінде 8 минут бойы қозғалмай
тұрса, онда үтіктің қыздырғыш элементі
сөнеді, ал көрсеткіш (9) жанып сөнеді.
Үтіктеу процесін қайта жалғастырған кезде
үтік автоматты түрде қосылады.
СУДЫ ТАҢДАУ
Резервуарды толтыру үшін су құбыры суын
қолданыңыз. Егер суқұбырындағы су кермек
болса, онда оны тазартылған сумен 1:1
арақатынасы бойынша араластырыңыз, су
өте кермек болған кезде оны тазартылған
сумен
1:2
арақатынасы
бойынша
араластырыңыз немесе тек тазартылған суды
пайдаланыңыз.
СУҒА АРНАЛҒАН РЕЗЕРВУАРДЫ ТОЛТЫРУ
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
–
Температура реттегішін (11) «
MIN
» күйіне,
ал үнемі бу жіберу реттегіщін (3) «
» (бу
жіберу сөндірулі) күйіне орнатыңыз.
–
Су құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
–
Резервуарға (10) су құйыңыз, одан кейін
қақпақты (2) жабыңыз.
Ескерту:
•
Су құюға арналған резервуарға (10)
хошиістендіргіш сұйықтықтарды, сірке
суын, крахмал ерітіндісін, қақтарды
кетіруге арналған реагенттерді, химиялық
заттарды және т.б. құюға тыйым
салынады.
•
Суды «MAX» (13) белгісінен асырып
құймаңыз.
•
Егер үтіктеу кезінде суды үстемелеу
керек болса, онда үтікті сөндіріңіз де,
желілік шнур ашасын электр розеткасынан
суырыңыз.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
–
Әрқашан үтіктеу алдында үтіктеудің
ұсынылған температурасы көрсетілген
бұйымның жапсырмасын қараңыз.
–
Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар тілше
жоқ болса, бірақ сіз материалдың түрін
ажырата алсаңыз, онда температураны
таңдау үшін төменде келтірілген кестені
пайдаланыңыз.
Белгіленуі Мата түрі (температура)
•
Синтетика, нейлон,
акрил, полиэстер (төменгі
температура)
••
Жібек/жүн (орташа
температура)
•••
Мақта, зығыр (жоғары
температура)
MAX
Максималды температура
–
Бұл кесте тек тегіс материалдарға
арналған. Егер материал басқа түрлі болса
(гофрирленген, кеді—бұдырлы және т.б.),
онда оны төменгі температурада үтіктеген
жөн.
–
Алдымен киімдерді үтіктеу температурасы
бойынша сұрыптап алыңыз: синтетиканы-
синтетикаға, жүнді – жүнге, мақтаны –
мақтаға және т.б.
VT-1237.indd 22
12.02.2015 10:46:46