20
ҚазаҚша
БУЛЫ ҮТІК
СУРЕТТЕМЕ
1.
Су шашыратқыш шүмегі
2.
Су құятын саңылаудың қақпағы
3.
Тұрақты бу беруді қосу/өшіру
4.
Температура реттегіші
5.
Су бүріккіштің түймесі
6.
Қосымша бу беру түймесі
7.
Үтіктің тұтқасы
8.
Желілік шнурдың қорғанышы
9.
Негіз
10.
Жұмыс істеу жарық көрсеткіші
11.
Тазалау түймесі
12.
Үтіктің табаны
13.
Су құюға арналған ыдыс
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Пайдаланбас бұрын нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз және суреттерге назар
аударыңыз.
–
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан
ересек балалар және дене, түйсіну
және ақыл-есі шектеулі жандардың
пайдалануына арналмаған, ол тек,
олардың қауіпсіздігіне жауап беретін
адаммен, оларға қауіпсіз пайдалану
туралы тиісті және түсінікті нұсқаулықтар
мен құрылғыны дұрыс пайдаланбаған
жағдайда пайда болуы мүмкін қауіптер
туралы түсінік берілген жағдайда ғана
мүмкін.
–
Үтікті тек нұсқаулықта көрсетілген
мақсаттарда ғана пайдаланыңыз.
–
Құрылғыны пайдалану кезінде немесе
одан кейін 8 жастан аспаған балалардың
қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
–
Үтікті жазық тұрақты бетке қойыңыз немесе
үтіктеу тақтасында пайдаланыңыз.
–
Қосу алдында, желідегі кернеу үтіктің
жұмыс кернеуіне сәйкес келуіне көз
жеткізіңіз.
–
Үтік құлағаннан кейін, көзге көрінетін
бұзылулар болғанда немесе судың ағуы
жағдайында оны пайдаланбаңыз.
–
Бүлінген желілік ашасы, желілік шнуры,
сонымен бірге басқа да ақаулары бар
үтікті пайдаланбаңызн.
–
Балаларға
арнайы
қадағалаусыз
тазалауға және қызмет көрсетуге рұқсат
бермеңіз.
–
Күйіп қалмас үшін үтіктеу кезінде
және үтіктеп болғаннан кейін бірден
құрылғының
таңбасымен белгіленген
бетіне қол тигізуге тыйым салынған.
–
Үтікті тек үтіктеу тақтасының үтінде ғана
қолданыңыз.
–
Үтіктің резервуарына су құяр кезде
міндетті түрде оны электр желісінен
ажыратып отырыңыз.
–
Приборды балалардың және мүмкіншілігі
шектеулі
жандардың
қасында
пайдаланған кезде өте мұқият болыңыз.
–
Қосулы
тұрған
үтікті
қараусыз
қалдырмаңыз.
–
Егер үтікті пайдаланбасаңыз, оны
әрқашан желіден ажыратыңыз.
–
Электр тоғы соққысын болдырмау үшін,
үтікті суға немесе кез-келген басқа
сұйықтыққа батырмаңыз.
–
Күйікке шалдығуды болдырмау үшін
терінің ашық жерлерінің үтіктің ыстық
беттерімен немесе шығып жатқан бумен
түйісуін болдырмаңыз.
–
Желілік шнурдың үтіктеу тақтасының
шетінен салбырап тұрмауын және ыстық
беттерге тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
–
Үтікті электр желісінен сөндірген кезде
әрқашан желілік ашадан ұстаңыз,
ешқашан желілік шнурдан тартпаңыз.
–
Үтікті алып қоймас бұрын, оның ішіндегі
судың қалдығыны төгіп тастаңыз да, оны
толық суытыңыз.
–
Электр желісіндегі кернеу шамадан
асып кетпеуі үшін көп қуатты тұтынатын
бірнеше приборды үтікпен бір мезгілде
қоспаңыз.
–
Электр тоғының соғуын болдырмас үшін
үтікті ешқашан өз бетіңізше ашпаңыз,
ақау табылған жағдайда рұқсаты бар
(уәкілетті) сервис орталығына апарыңыз.
АЛҒАШ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Үтікті қаптамадан босатып, үтіктің
табанындағы картон қорғанышты алып
тастаңыз.
Электр желісінің кернеуі үтіктің жұмыс істеу
кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
VT-1241_IM.indd 20
09.10.2013 16:38:55