18
ҚазаҚша
МИКСЕР VT-1430
Миксер
сұйықтықтарды
араластыруға,
тұздықтар мен тәттілерді (көпіршітілген кілегей,
пудинг, коктейль, майонез) әзірлеуге, сұйық
және қатты өнімдерді қосып өңдеуге, сонымен
қатар қамыр илеу үшін арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Қамырды илеуге арналған қондырмалар
2. Көпіршітуге/араластыруға арналған
көпірткіш
3. Қорғаныш қақпақ
4. Тостаған
5. Жұмыс режимін ауыстырғыш
«М-0-1-2-3-4-5»
6. Импульстік режимді іске қосу
батырмасы «Р»
7. Блендер/чоппер
қақпақтары-қондырмаларын орнату орны
8. Миксер корпусын бекіту батырмасы
9. Миксердi орнатуға арналған кронштейн
10. Кронштейнді бекіту батырмасы (9)
11. Негізі
12. Тірейтін аяқшалар
13. Блендер тостағаны
13а. Пышақтар блогі
14. Блендер-қондырма
15. Өлшегіш стақан
16. Чоппер қақпағы
17. Чоппер тостағыны
18. Ұсақтағыш-пышақ
19. Миксерға арналған үстел түпқоймасы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғану үшін қуат тізбегіне 30 мА-ден
аспайтын номиналды жұмыс істеу тоғы бар
қорғаушы сөндіргіш құрылғыны (ҚСҚ) орнатып
қойған жөн. ҚСҚ орнату үшін маманға жүгініңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Миксерді пайдаланбас бұрын, осы пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
анықтамалық материал ретінде пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей тағайыны бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның
бұзылуына, пайдаланушыға немесе оның
мүлкіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Миксерді қосар алдында, электр желісінің
кернеуі құрылғының жұмыс кернеуіне
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
•
Миксерді пайдаланар алдында желі
баусымын
мұқият
қараңыз
және
ақаулығы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Егер сіз ақаулығын тапсаңыз, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
•
Желі баусымының ыстық беттермен және
жиһаздың үшкір шеттерімен жанасуына
жол бермеңіз. Желі баусымы оқшауының
бүлінуін болдырмаңыз.
•
Құрылғыны жылу көздерінің немесе ашық
оттың тікелей қасында пайдаланбаңыз.
•
Жеткізілім жинағына кіретін қондырмаларды
ғана пайдаланыңыз.
•
Миксер, блендер және чопперді сары май
немесе мұздатылған ет немесе қамыр
сияқты қатты ингрединеттерді ұсақтау
және араластыру үшін пайдалануға тыйым
салынады.
•
Көпіршітуге арналған көпірткіш пен қамыр
илейтін қондырмаларды бірге орнатуға
және пайдалануға тыйым салынады.
•
Қондырмаларды
орнату
алдында
желі баусымының ашасы розеткаға
тығылмағанына көз жеткізіңіз.
•
Миксерді
пайдалану
алдында
қондырмалардың дұрыс орнатылғанына
және бекітілгеніне көз жеткзіңіз.
•
Құрылғы
жұмыс
істеп
тұрғанда
қондырмаларды шешуге және орнатуға
тыйым салынады.
•
Миксерді тазалар алдында қондырғыларды
ажыратып тастаңыз.
•
Миксерді электр желісіне қоспай тұрып,
жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш
«0» (сөндірілген) күйінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
•
Құрылғыны панажайлардан тыс жерде
пайдалануға тыйым салынады.
•
Қамыр
илеуге/көпіршітуге
арналған
қондырмалардың максималды үздіксіз
жұмыс істеу ұзақтығы – 5 минуттан аспауы
тиіс. Блендер қондырмамен – 30 секундтан
аспауға тиіс.
•
Блендер тостағанын пайдаланудағы
үзіліссіз жұмыстың максималды ұзақтығы –
1 минуттан аспауға тиіс.
•
Чоппер тостағанында қатты өнімдерді
ұсақтау
кезіндегі
жұмыс
ұзақтығы
30 секундтан аспауы қажет.
•
Пайдаланған
қондырмаға
қатысты,
миксерді қайта іске қосуды 5-20 минуттан
кейін ғана жүргізіңіз.
IM VT-1430.indd 18
13.12.2018 15:37:36