22
ҚазаҚша
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны суық (қысқы) жағдайларда
тасымалдағанда немесе сақтағаннан кейін
оны бөлме температурасында үш сағаттан
кем емес уақыт бойы ұстау қажет.
–
Құрылғыны қаптамадан шығарыңыз, оның
жұмысына кедергі келтіретін, кез-келген
жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
–
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, зақымдалған
жерлері болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
–
Құрылғының жұмыс кернеуі электр желісі
кернеуіне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
–
Қондырмаларды (1, 2, 3), қақпақты (4),
тостағанды (5) бейтарап жуу құралы қосылған
жылы сумен жуыңыз, шайып жіберіңіз және
кептіріңіз.
–
Еттартқыштың қондырмалар детальдерін
(15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22), бейтарап жуу
құралы қосылған жылы сумен жуыңыз блендер
тостағанын (детальдерін 23, 24, 25) жуып
жіберіңіз және кептіріңіз.
–
Мотор блогі (8) мен негізін (10) біраз ылғалды,
жұмсақ матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
ҚОНДЫРМАЛАР (1, 2, 3)
Қамыр илеуге арналған қондырмалар (1)
Қондырманы (1) дрожжи қосылған қамыр илеуге,
фаршты және т. б. араластыруға пайдаланыңыз.
Қамырға арналған құрғақ ингредиенттерді «1-2»
жылдамдықта араластырыңыз, қамыр илеу
үдерісінде жұмыс режимдерін ауыстырғышы (11)
көмегімен қондырманың (1) айналу жылдамдығын
арттырыңыз немесе азайтыңыз.
Илеуге арналған қондырма (2)
Қаптаманы (2), мысалы, картоп езбесін жасау үшін
пайдаланыңыз. Ұсынылатын жұмыс жылдамдығы
режимдері 1- ден 4-ке дейін.
Көпіршітуге арналған бұлғауыш (3)
Бұлғауышты (3) кілегей, жұмыртқа ақуызын
көпіршітуге, бисквит, пудинг, коктейльдер, крем,
майонез, тұздықтар әзірлеуге, сонымен қатар
сұйық өнімдерді араластыруға пайдаланыңыз.
Ұсынылатын жұмыс жылдамдығы режимдері
5- тен 6-ға дейін.
Еттартқыш-қондырма
Еттартқыш өнімдерді өңдеуге және үйдің
жартылай дайын өнімдерін әзірлеу үшін арналған.
Ұсынылатын жұмыс жылдамдығы режимдері 3-
тен 6-ға дейін.
Блендер тостағаны
Блендер өнімдерді ұсақтауға, түрлі ингредиенттерді
араластыруға және коктейиль әзірлеуге арналған.
Ұсынылатын жұмыс жылдамдығы режимдері –
1-ден 6-ғадейін және жұмыстың импульстік
режимі «P».
Ескертпелер:
–
Қондырманың дұрыс орнатылуын қадағалаңыз
және жұмыс алдында қондырманың берік
бекітілгенін тексеріп отырыңыз.
–
Жұмыс уақытында мотор блогіндегі (8)
желдету саңлауларын жаппаңыз, бұл электр
мотордың қызып кетуіне әкелуі мүмкін.
АСҮЙЛІК МАШИНЕНІ ПАЙДАЛАНУ
–
Қондырмаларды орнату алдында жұмыс
режимдері ауыстырғышы (11) «0» күйінде
тұрғандығына, ал желі бауының ашасы электр
розеткасына салынбағанына көз жеткізіңіз.
–
Мотор блогін (8) қолыңызбен ұстап, батырманы
(9) басып, ұстап тұрыңыз, мотор блогін (8)
жоғарғы күйде бекітіңіз (сур. 1).
–
Тостағанды (5) орнату орнына (7) орнатыңыз
және оны тірелгенге дейін сағат тілі бойынша
бұрыңыз.
–
Тостағанның қақпағын (4) орнатыңыз (сур. 1).
–
Қондырмалардың бірін (1, 2 немесе 3) білікке
(6) орнатыңыз, қондырманы жоғарғы бағытқа
қарай сәл басыңыз және қондырманы
тірелгенге дейін сағат тіліне қарсы бұрыңыз.
Қондырманың берік бекігеніне көз жеткізіңіз.
–
Қажетті ингредиенттерді тостағанға (5)
салыңыз.
–
Мотор блогінің (8) жоғарғы жағын басып
тұрып, батырманы (9) басып, ұстап тұрыңыз,
оны жұмыс күйіне орнатыңыз, батырманы (9)
жіберіңіз. Мотор блогінің (8) жұмыс күйіне берік
бекігендігіне көз жеткізіңіз.
Ескертпе:
қақптақтың (4) асүйлік машине
жұмыс істеп тұрған кезінде ингредиенттерді
қосуға арналған саңлауы бар.
–
Желі бауының ашасын электр розеткаға
салыңыз.
–
Жұмыс режимдері ауыстырғышын (11) бұру
арқылы асүйлік машинені қосыңыз, қондырма
айналымының қажетті жылдамдығын орнатыңыз
(«ҚОНДЫРМАЛАР» тармағын қар.).
Ескертпе:
асүйлік машине үздіксіз жұмыс
істеуінің максималды ұзақтығы 20 минуттен
аспайды. Қайта қосуды 15-20 минут өткен соң
ғана жүзеге асырыңыз.
–
Жұмыс істеп болғаннан кейін жұмыс
режимдері ауыстырғышын (11) «0» күйіне
IM VT-1439.indd 22
29.11.2018 17:22:11